АРЕНДАЛЫҚ СУБСИДИЯ рәсімдеуге 17 мыңнан аса адам шақырту алды

АРЕНДАЛЫҚ СУБСИДИЯ рәсімдеуге 17 мыңнан аса адам шақырту алды

Бүгін «Шаңырақ» орталығында үй жалдап тұратын 70-ке жуық қарағандылық тұрғын арендалық субсидия жөнінде кеңес алды.

Облыс бойынша 2170, Қарағанды қаласы бойынша 480 азаматқа арендалық субсидия алуға құқығы бар екендігі туралы хабарлама келді.

Ал Қазақстан бойынша мұндай хабарлама 17 мың қазақстандыққа жолданды. Жалпы алғанда жыл соңына дейін бұл жеңілдіктің игілігін 70 мың қазақстандық көреді. Жылына 51 млрд теңге бюджеттен бөлінбек.

Арендалық субсидия дегеніміз — баспанасы жоқ азаматтар үй жалдаса жарты ақшасын мемлекет төлеп тұрады.

Оған қойылатын талаптар:

Үй кезегінде тұрған:

— Көпбалалы отбасы;
— Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы;
— Жетім балалар;
— 1,2 топ мүгедегі болуы қажет.

Отбасының табысы әр отбасы мүшесіне шаққанда 36 мың теңгеден аспауы керек. Мәселен, отбасында 6 адам болса, барлық табыс (жәрдемақыларды, жалақыны қосқанда) 216 мың теңгеден асып кетпеуі қажет.

Тағы бір талап: Отбасы Банк Казахстана да депозит ашу міндетті. Себебі, мемлекет сізге үй жалдау құнының жартысын төлеп бергеннен кейін, сіздер қалтаңызда артылып қалған ақшаны депозитке салып, үй алуға қаражат жинауыңыз қажет. Бұл субсидияны өмірбақи алмайтыныңыз белгілі.

Биыл екінші деңгейлі банктерде ипотеканың жылдық пайызы 19% болды. 15 жылға. Бұл ипотеканы төлеу мүмкін емес. Сондықтан, үй алу үшін депозитке ақша жинауды бастауға кеңес беремін.

Банктердің ішінде тек Отбасы банкінде ғана ипотеканың жылдық үстемесі 2 пайыздан 8 пайызға дейін. Депозитті неғұрлым ертерек ашсаңыз, ипотека алар кезде балыңыз да жоғары болады. Әрі депозитке ай сайын үзбей ақша салып тұрған жөн. Егер ай сайын тұрақты түрде салсаңыз оған да балл қосылады. Депозитке ай сайын кем дегенде 7 500 теңгеден салуға болады. Ипотека рәсімдерде депозит ашқан уақытыңыз бен тұрақты төлеміңізді ескеріп, ипотеканы жылдам береді. Балаларыңызға да депозит ашып қойыңыз.

Үй кезегінде тұрғандарға берілетін үй саны аз. Кезекті он жылдан артық күтуге тура келеді. Әрі әкімдікте кезекте тұрып алған үй сіздің меншігіңізге өтпейді. Ол үй сатып алу құқығынсыз беріледі. Балаларыңызға мұраға қалдыра алмайсыз.

Одан гөрі, Отбасы банкі арқылы үй кезегінде тұрғандарға берілетін 2 және 5 пайыздық ипотеканы алған тиімді. Ол «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламасы деп аталады. Бұл ипотекалардың алғашқы жарнасын әкімдік төлейді.

Үйі кезегіне тұрмаған азаматтарға да тиімді ипотекалар бар. Олар депозитке ақша жинап, 6-8 пайызбен 8 жылға ипотека ала алады.

Басқа банктер несие тарихының соңғы бес жылын қарап шешім шығарады. Несиесін кешіктіргендерге ипотека бермейді.

Ал Отбасы банкі несие тарихы бұзылған азаматтарға да ипотека бере береді. Тек, барлық «қара тізімге» өткен несиелеріңізді жауып, анықтама тапсыру керек.

«Шаңырақ» орталығы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттаумен айналысады. Келіп, кеңес алыңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.