«ШАҢЫРАҚТЫҢ» ШАРАПАТЫ

«ШАҢЫРАҚТЫҢ» ШАРАПАТЫ

Қарқаралыда «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды

Қарағанды облысы аудандары ішінде тұңғыш рет көпбалалы отбасыларға кешенді қызмет көрсететін орталық Қарқаралы ауданында ашылды.

Жалпы, біздің ауданда 800-ге жуық көпбалалы отбасы тұрады. Онда үш жарым мыңнан аса балалары бар. Біздің міндет — әрбір баланың алаңсыз білім алуына, жақсы тәрбие берілуіне жағдай жасау. Осыған орай ауданда бірқатар жүйелі жұмыс атқарылуда. Соның бірі бүгін ашылған «Шаңырақ» орталығы. Орталықты ашуға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде арнайы қаржы бөлінді. «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалды.

Орталықта тегін заңгерлік және психологиялық консультация беріледі. Сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы қызметтер көрсетеді.

«Бұл орталықта отбасы ынтымағын арттыратын және балалар шығармашылығын дамытатын отбасылық сайыстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Көпбалалы отбасыларға кәсіп ашу, қайтарымсыз гранттар ұту жолдары түсіндіріледі. Мамандық меңгертетін тегін курстар өткізіледі. Тұрмысы төмен отбасыларға кешенді көмек көрсетіп, қайырымдылықпен айналысамыз» — дейді «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының төрайымы Ләззат Қожахмет .

Орталықтың жұмысына біз үнемі қолдау көрсететін боламыз. Бастысы, ел игілігі, балалардың бақыты үшін еңбек етуі тиіс.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.