Қарағанды қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы» ашылды.

Қарағанды қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы» ашылды. Әлеуметтік тапсырысты
«Talbesyk» көп балалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі жүргізеді.

Орталық — көп балалы отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек түрінде, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша тегін консультациялық қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайда қалған жандарға да көмек көрсетеді. Қайырымдылық көмекке демеушілер мен қайырымдылық қорларын тартады. Қарағанды қаласы әкім аппаратымен, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту өңірлік қорымен, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығымен және басқа да кәсіпкерлік қауымдастықтарымен бірлесіп, көп балалы отбасылардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында іс-шаралар өткізеді. Көп балалы аналарға бизнес-жоспарларды әзірлеуге және IT арқылы өз қолдарынан шыққан заттарды сату бойынша маркетологияны меңгеруге жәрдемдеседі, жаңа мамандықтар меңгерту бойынша курстар жүргізеді.
Бұдан өзге «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы әлеуметтік көмекке құжаттарды ресімдеуге және жұмыспен қамту, тұрғын үй, білім беру, әлеуметтік, медициналық көмек және т. б. мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жәрдем көрсетеді.
Орталықтың сайты: www.shanraq.kz

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 3 үй.
Орталық директоры Ләззат Қожахметова.
Кеңесшілер Айша Сулейменова 87014649676.
Кымбат Булкаирова 87771095974.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.