Көп балалыларды кезектен шығаруда

КӨП БАЛАЛЫЛАРДЫ КЕЗЕКТЕН ШЫҒАРУДА

Көп балалы аналарға 1414 қызметінен тұрғын үй кезегінен шығып қалғаны туралы хабарламалар келіп жатыр. Олардың ішінде он жылдан артық кезекте тұрғандар бар. Кезектен шығару Қазақстан бойынша жүріп жатыр.

Енді он жылдап кезекте тұрған адамның республикалық базадан шығу себебін түсіндірейін. Бұрын тұрғынүй кезегіне тек бір кезек болды. Жалпы кезекке барлығы 18-ге жуық санат: жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар, ҰОС ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, тағы басқалар кезекке тұрады. 2019 жылы Үкімет одан көп балалылардың кезегін бөлек шығарды. Яғни қазір екі кезек бар: жалпы кезек және көп балалы отбасылардың кезегі.

Енді 2019 жылы кезегін ауыстырғандар республикалық базада жоқ болып шықты. Себебі ол кезде үй кезегіне әкімдіктің Тұрғынүй қатынастары бөліміне келіп өтініш жазып ауыстыратын. Тек 2020 жылдан бастап ХҚО-ға барып кезекке тұра бастады. ХҚО-ға барып кезекке тұрғандар республикалық базада бар, әкімдікке келіп кезекке тұрғандар базада жоқ. Тағы қайталап айтамын, бұл Қазақстан бойынша орын алып отырған жағдай.

Енді неге бұлай болғанына тоқталайық. Бұған дейін кезекке тіркелгісі келген кез келген азамат әкімдікке жүгінетін. Әкімдіктердегі база дұрыс, олар сол ретпен арендалық баспана беріп отыр. Дегенмен кей өңірлерде баспананы кезектен тыс беру фактілері орын алды. Сол себепті Үкімет 2019 жылы үй кезегін реттейтін республикалық «Бірыңғай үй кезегі базасын» құруға шешім қабылдады. 2019 жылдың соңына дейін ол база іске қосылуы тиіс еді. Екі жыл өтті ол база әлі іске қосылған жоқ.

Министерство индустрии и новых технологий Казахстана қолға алған жобадан неге шикілік шықты? Оны да түсіндірейін.

Республикалық тұрғынүй кезегі ЕГОВ порталына байланған. Кезекте тұрған азаматтарды электронды үкімет өз базасында бар деректермен салыстырады. Оспанова Гүлсара әкімдікке үй кезегіне көп балалы ана ретінде тұрды. Ал ЕГОВ ол ананың көп балалы екендігін көріп тұрған жоқ. Сол себепті санатыңыз сәйкес келмейді деп қаншама жыл тұрған ананы кезектен шығарып жіберді. Себебі егов порталында ол мәлімет жоқ. Ол ана енді кезекке қайтадан тұрады, бірнеше жыл уақыты зая кетті.

Бұндай мысал көп. Мәселен, Егов порталына некеде екеніңді, мүгедек екеніңді, көп балалы екеніңді дәлелдеуің керек, яғни балалардың туу туралы құжаттарын, мүгедектік анықтамасын, неке куәлігін ілу керек. Некеде екендігің АХАЖ базасында тұрғаны, мүгедек, көп балалы ретінде жәрдемақы алып отырғаның еговқа мәлім емес. Екі жұмыс қылып қойған.

Мемлекеттік органдар арасында интеграция жоқ. Тіпті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарасты мекемелер өз базасын көре алмайды. Мәселен көп балалы аналарға Қарағандыда тегін жолақы билеті беріледі. Оны алу үшін аналар ХҚО-ға барып «көп балалы ретінде жәрдемақы аламын» деген анықтама алады. Оны еговтан шығарып алуға болады, бірақ ол жарамсыз. Мекемеге МӨРІ бар анықтама керек! Ал жолақыны беретін де, көп балалы деген жәрдемақыны тағайындайтын да бір министрлік. Олар базадан қарай салса да болар еді. Жоқ, аналар ХҚО-ға брон жасауы керек, аяғымен барып алуы керек. Бұл министрліктің талабы. Көп балалы ретінде жәрдемақы алады деген анықтамаға міндетті түрде МӨР қойылу керек! Егов порталынан шығарып алған анықтама жарамайды. Себебі аналарға сенбейді, олар қолдан жасауы мүмкін?

Мұндай волокита Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі де қатысты. Мәселен оқуға түсетін кезде түлектерден, жұмысқа тұратындардан нарко-психодиспансерде тіркеуде жоқ деген анықтама талап етеді. Оны еговтан шығарып апарса жарамайды. Ол анықтамаға МӨР керек! Ал мөрі бар анықтама Қарағандыдағы психо-наркодиспансерде бес мың теңге тұрады. Яғни анықтама ақша табу көзі. Мусин Багдат мырза сіз мемлекеттік қызметті цифрландырамын деп отырсыз. Ал еговта берілетін анықтамалардың жарамсыз екендігін білесіз бе? Askhat Aimagambetov мырза биыл да унииверситеттерге былтырғыдай анықтамалар мөрмен ғана талап етіле ме?

Енді үй кезегіне қайта оралайық.

2019 жылы әкімдіктерге келіп үй кезегін ауыстырған көп балалылар мен мүгедектер республикалық базада жоқ, енгізілмеген. Кеңесбай Гүлімнің анасы 2008 жылдан бастап кезекте тұр, дәл 2019 жылы кезегін ауыстырады, «Шаңырақ» бағдарламасымен Отбасы банкінен ипотека алуға барса, кезекте жоқсыз дейді. Кезегі жоғалып кеткен. Қазақстанда 530 мың адам кезекте тұр дейді. Қаншасы базада, қаншасы жойылып кетті?

Бұған біріншіден адами фактор да себеп. Мәселен Қарағанды қаласында үй кезегінде тұрған 17 мың адаммен тек бір маман айналысады. Олардың барлығын базаға толық енгізуге бір адамның үлгермейтіндігі түсінікті.

Ал 2 пайыздық «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталып кетті. Индустрия министрлігі екі пайыздық ипотека берілетін үш санатты алдымен базаға енгізуі керек еді. Олар: көп балалылар, жалғызбастылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар.

26 мамырға дейін «Бақытты отбасыға» құжат қабылданады. Оған құжат тапсыратын отбасылар өздерінің республикалық базада кезекте жоқ екендігін енді біліп жатыр. Себебі «Отбасы банкі» тек республикалық базаны көреді. Әкімдіктер барлық азаматты республикалық базаға енгізіп үлгермеді. Банк әкімдіктің кезекте тұр деген анықтамасын қабылдамайды. Яғни осы үш санаттың кейбірі 2 пайыздық ипотекаға ілінбейді.

Жалпы республикалық база мен әкімдіктегі кезек ылғи сәйкес келмейтін. Мәселен Әсия апай әкімдіктегі кезек бойынша 33 болып тұрды. Ал еговта ол кісінің кезегі 1800 болып көрсетіледі. Бұл қалай дегенде, республикалық база жылына бір рет қана жаңарады деген жауап алатынбыз. Менің білуімше республикалық база екі жылдай жаңармады.2019 жылы үй алғандарды биыл жыл басында ғана базадан шығарды.

Тұрғынүй кезегіне қатысты волкита көп. Осыдан кейін үйді кезекпен алып жатыр ма, ортасына кіріп кеткендер бар ма түсініксіз.

Ал енді аяқ астынан кезектен шығып жатқан жандар неге қайта кезекке тұруы керек? Олар әкімдікке растайтын құжаттарын тапсырып, заңды түрде тіркелген. Егов порталының оларға тиесілі жеңілдікті көре алмағанына халық кінәлі емес.

Айтпақшы жалғыз баспанасы апатты жағдайда тұрғандар да кезекке тұра алады. Актісін тапсыруы керек.

PS: Кезегіңізді тексергіңіз келсе Қарағанды қаласындағы «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына» келіңіз, қарап береміз. Мекенжайымыз: Мұқанов көшесі 3 үй.

Біздің парақшаға тіркеліңіз «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.