БҰҚАР ЖЫРАУ: Дастархан

БҰҚАР ЖЫРАУ: Дастархан

Бұқар жырау ауданындағы “Шаңырақ” орталығы жеке кәсіпкер Зәуре Молдабаеваның “Шаңырақ” ЖК-мен бірлесіп “Дастархан және майлық тігу. Дастарханды безендіру” атты курс өткіздік. Тегін курсқа аудандағы көпбалалы аналар қатысты. Жаңа үлгідегі дастархан, майлықтар сұранысқа ие, өтімді тауар. Үйден тігуді меңгеру отбасы қаражатын үнемдеуге, қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. “Шаңырақ” орталығының да мақсаты — көпбалалы отбасыларға табыс табуды үйрету, жаңа машық меңгерту.

Тігін курсын тегін өткізіп бізге қолдау жасаған кәсіпкер Зәуре Ғалымқызына, жаңалыққа жаны құмар белсенді аналарымызға алғыс айтамыз.

“Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.