640 МЫҢ ТЕҢГЕ

640 МЫҢ ТЕҢГЕ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті мен “Шаңырақ” орталығы бірлесіп, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық сертификаттар сыйлады.

Желтоқсан айының басында Бөкетов унивенситетінің заң және экономика факультеттері ұйымдастырған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесінен 640 000 теңгедей қаражат жиналады.

Ұйымдастырушылар осы қомақты соманы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына беруді ұйғарды. Біз бұл көмекті біщдің орталыққа жүгінген 20 отбасыға беруге шешім қабылдадық.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды университеті бас корпусында арнайы мерекелік шара ұйымдастырды. Университет ұжымымен бірге 7 отбасыға көмір түсіру үшін 45 000 теңгелік, 13 отбасыға азық-түлік алуға 25 мың теңгелік қайырымдылық сертификатын тарту еттік.

Әр отбасыға үш тоннадан есептелген көмірді біздің тұрақты демеуші Әсет мырза төмен бағамен әрі тегін жеткізіп берді.

— Бөкетов университеті “Шаңырақ” орталығы құрылғаннан бері бірлесе акциялар ұйымдастырып келеміз. Міне, бүгін де қайырымдылық шарасын өткізіп, аналар мен балаларға қуаныш сыйладық. Жастардың ізгілік пен мейірімділікті бойына сіңіріп, қайырымдылық жасауды сауабы мол іс деп танып, сәнге айналдырып жатқаны қуантады. Жаны жабырқау аналарымыздың алғысы шексіз,-дейді унивенситет проректоры Мейржан Сыздыков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.