«Шаңырақ» орталығы мен Ассамблея бірлесіп «Тәрбие тал бесіктен» атты шара өткізді.

«Шаңырақ» орталығы мен Ассамблея бірлесіп «Тәрбие тал бесіктен» атты шара өткізді.

 

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі Халықаралық отбасы күніне орай мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен «Тәрбие тал бесіктен» атты онлайн кездесу өткізді.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы отбасы тәрбиесінің де өзіне тән ұлттық құндылықтары қалыптасатынын ескерсек, бабаларымыз баланы ұлт перзенті ретінде тәрбиелеуді көздеген. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері тұнып тұрған ұлттық тәрбие екені баршамызға мәлім. Бүгінгідей жаhандану заманында уақыт көшінен қалмай әрі құндылықтарымызды жоғалтпай, ұлттық тәрбие мәйегін сақтау өте маңызды. Кездесуде осы жайлы «Шаңырақ» көпбалалы аналар орталығының өкілі Әсем Тоқмағанбетова кеңірек айтты.

«Отбасы тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Сондай ақ, толеранттылыққа, татулыққа баулуды да бала жастан бастау қажет. Баланы қоғамның талаптарына, уақыт сұранысына сай тәрбиелеп, ілім-білімге құштарлықты, бойларында Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін сіңдіруде білім ошақтарының да ролі маңызды» ,-дейді Әсем Амандыққызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.