ШЕТ АУДАНЫ: Іскер ана

Шет ауданында кәсібін өрге дөңгелетіп отырған жандар көп. Солардың бірі, көпбалалы ана Жанар Аменова. Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғыны декреттік демалыста болғанына қарамастан кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ол шаңырақтың қуанышты күндеріне жайылған дастарханды түрлендіретін тойбастар жасайды. Қырқынан шығару, туған күнге, жаңа жылға сыйлық салатын корапшалар және т.б ұсынады. Баланың фотосын қойып, қалаған дизайнда құлпыртып бере алады. Ақша жинайтын “копилканы” өз қолынан гипстан құяды.

Балаларды кішкене кезінен қаржылық сауаттылыққа үйрететін тамаша сыйлықтар ұсынады.

Сонымен қатар қол қусырып бос отыруды жөн көрмей, “2021-2025 жас кәсіпкерлерді дамыту” жобасына қатысып, бизнес бастау үшін ұйымдастырылған аудандық грантты ұтып алды. Ауданның бюджетінен бөлінген 612 000 теңгеге бүгінгі таңда ірі-қара мал алып, өнімдерін сатып, тағы бір табыс көзін ашты.

Еңбекқор аналарымыз көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.