Ақпараттық қауіпсіздік сақталмаған жағдайда психологиялық төтеп беру жолдары

Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Заңмен қорғалатын құпиялар: Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы; Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;Бала асырап алу құпиясы т .б; Журналистік айғақтама дегеніміз журналистің тек тексерілген, шынайы фактілерге сүйене отырып, қоғамдағы «мен мұндалап» тұрған келеңсіздіктерді дәйекті түрде әшкерелеуі.

Барлық журналистік айғақтамаларды бастауға түрткі болатын нәрсе -конфликт, яғни қайшылық. Конфликт дегеніміз – қарама- қайшылықтардың шарықтау шегіне жетуі. Журналистік айғақтама жанр ма, әлде пішін бе, әлде қызмет түрі ме деген сауалдың туындауы да орынды. Өзге де салалар сияқты журналистика да бір орында тұрмайды, үнемі дамып, жетілу үстінде. Қазір журналистика теориясы мен практикасында әдіс, формат деген жаңа ұғымдар пайда болды. Жанр пішін сияқты ұғымдар қазір ауызға көп алынбайды.

Мемлекеттік құпиялар: Әскери саладағы кейбір мәліметтер;Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;Мақалада журналистің өз құқықтарын қалай қолдануды және жағымсыз салдарларға тап болмау жайында қысқа ақпарат берілген. ҚР Заңдары аясында сараптама жүргізіліп, журналистің құқықтары мен міндеттері сараланды. Қызмет барысында журналист:

Кейбір жағдайларда тексерілмеген ақпарат механизмі баяу жарылатын мина болуы ықтимал. Ол неліктен жұмыс істеп кетуі мүмкін?

Жиі жағдайларда журналист асығыста, кәсіби немқұрайдылығына байланысты немесе ақпарат берушіге асыра сенгендіктен алынған ақпаратты тексермейді. Кей кезде мұндай ақпарат баспадан кез келген салдарсыз өтеді. Өйткен себебі – ақпараттың шындыққа жанасқаны немесе ақпараттың назарсыз қалғаны. Бірақ, жиі дәйексіз ақпарат азаматтардан және заңды тұлғалардан ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы сотқа талап, арыз түрінде наразылық тудырады.

Мысалы, журналист болған жағдайдың куәгері болмай тұрып, кез келген жайт туралы ақпаратты N азаматтың көргенінен, оның болған жайт туралы пікірінен және азаматтарға берген сипаттама бойынша ақпарат дайындайды. Біреуді маскүнем, парақор деп айыптап және осы айтқаныңызға дәлел таба алмаса журналист сотқа түсуі мүмкін. Себебі, егер адам шынымен де парақор болса, оны растайтын сот үкімінің құжаттары болуы шарт. Егер адам тіркелу уақытында мас болса, ол медициналық сараптама немесе басқа да объективті мәліметтермен расталуы керек.

Адамдардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы сотқа талаптардың саны күннен күнге өсуде, сондықтан ақпаратты тексеру, ең алдымен журналист үшін маңызды болу керек. Себебі «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңның 21 бабы 2 тармағы журналисті шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға міндеттейді [1].

Шартты түрде ақпаратты мәліметтер жайлы дерек және пікір, пайым, баға білдіру деп бөлуге болады. Кез келген ақпаратты баяндағанда, журналист деректің, пікір, пайым немесе бағаның өз орны бар екенін есте сақтауы керек. Мұндай ұсыным ар-намысты қадір-қасиетті іскерлік беделді қорғау туралы талаптарды қарастырған кезде соттың қайсысы дерек, қайсысы пікір, пайым немесе баға екенін ажырата алмауынан пайда болады. Бұл айырмашылық түбегейлі. Пікір, пайым немесе баға сотталмайды, себебі олар өмір сүру мен тыныс алу құқықтары сияқты табиғи және тартып алынбайтын адам құқықтары. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциянының 20 бабымен кепілденген [2]. Сотта азаматтық құқықтардың жауапкершілігі фактіні бұрмалау кезде ғана қозғалады (шындыққа жанаспайтын мәліметтер ҚР Азаматтық кодексінің 143 бабы) [3]. Сол себепті ақпаратты дайындаған уақытта «менің ойымша», «сыбыстар болып жатыр», «мүмкін» деген сақтандыратын тілдік айналымдарды қолданған дұрыс.

Журналистің куәлігі немесе басқа да жеке басты растайтын құжаттардың болуы міндетті; Журналистің куәлігі болуы оны бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ретінде ресми түрде көрсетеді. Куәлікті көрсете, репортер ақпаратты тез әрі оңай ала алады. Тек куәлік болған кезде ғана, тілші митинг, табиғат апаттары сияқты кездейсоқ оқиғаға қатысуына және араласуына болады.  Мамандыққа байланысты журналист кездейсоқ оқиғаларға жиі тап болады және әрдайым назарда жүреді. «Әділ сөз» фондының бақылауы журналистердің құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайларын жиі тіркейді [4]. Журналистің жеке куәлігі оған қамалатындай жағдай туғанда қылмыстық немесе әкімшілік түрде уақытты үнемдеуге көмектеседі. (Паспорттың немесе жеке куәліктің болуы журналистің куәлігі болмаған кезде азаматтық мәртебені растауға көмектеседі және бостандығы туралы сұрақ тезірек шешіледі) [4].Журналист өз құжаттарын жарамдылық мерзіміне немесе суретті уақытылы өзгертуге байланысты тексеріп отыруы тиіс. Аталған құжаттарды оған қойылатын талаптарға сай ретке келтіріу, себебі мерзімінен өтіп кеткен құжат немесе дұрыс емес рәсімделген құжат көп уақытт алуы мүмкін.

Журналист полиция қызметкерлерімен ұсталғанда өзінде бар құжатты ұсынуы міндетті. Не себепті және кім ретінде ұстағанын анықтау керек. Заң қамауға алу негізін қылмыстық-процессуалдық түрінде және әкімшілік түрде қарастырады.

Егер репортды қылмыстық-процессуалдық түрде ұстаса, онда ұстап алу себептері ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 132 бабында көрсетілген [5]. Журналисті мына себептермен ұстап алу мүмкін:

Қылмысты жасап жатқан кезде немесе жасап болғаннан кейін;

Куәгерлер немесе жәбірленушілер тілшіні қылмыс жасаған адам ретінде атаса;

Журналисте немесе оның киімінде, үйінде қылмыстық іздер табылса;

Оперативті іздестіру кезіңде табылған дәлелдерде журналистің қылмысты жасағаны немесе ауыр қылмыс ұйымдастыруы туралы шынайы мәліметтер болса.

Журналисті жасырынған уақытта ғана қылмысқа күдікті ретінде ұстауы мүмкін.

Егер ұсталса, қамауға алыну себебін түсіндіруді талап етуі және өз құқықтары туралы ұмытпауы керек. Себебі заң журналистке кепілдік береді. Мысалы, қоңырау шалу немесе қорғаушыны жалдау құқықтары және т.б. [5].

Егер тілші заңсыз ұстасалса, онда ол ұстаған азаматтардың әрекетінің дәйексіздігі туралы сотқа арыз беруі керек; барлық көрсетілген материалдық шығындар мен моральдық зияндарды өтеуді талап етуіне болады. Дәл осылай «Азаттық-Свобода» радиосының меншікті тілшісі Батырхан Дәрімбет істеді. Ол Алматы қаласының ішкі істер басқармасына ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделдікті қорғау туралы және дәйексіз ұстауға байланысты моральдық зиянды өтеу туралы арыз берді. Сотта азамат Дәрімбет оның полиция қызметкерлерімен ұсталуын осыдан бұрын митинг ұйымдастыру айыбынан ақталғанына байланысты заңсыз деп аталуын талап етті. Бұл істі журналист, өкінішке орай, жеңе алмады, бірақ, біздің ойымызша, заң оның жағында болды. Әлі күнге дейін журналистер өз құқықтарын сақтау үшін арпалысып жатыр [4]..

Ақпаратты беруді талап ету; Тәжірибеде журналист заңсыз ақпарат бермеумен жиі кездеседі, әсіресе бұл мемлекеттік мекемелер мен шенеуніктерге қатысты. Еске салсақ, «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңның 20 бабы журналистке ақпаратты сұрауға және талап етуге құқық береді, ал 2 бап мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық бірлестіктерді, қызметкерлерді әрбір азаматқа оның құқықтарын қозғайтын құжаттар мен ақпараттармен таныстыруды міндеттейді. Ақпарат талдамалы түрде болмауы тиіс, себебі дәл осы заңның 18 бабы кез келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне бірдей шарт қояды. Журналистке ақпаратты бермей, мемлекеттік мекеме немесе шенеуніктер азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады [7]. Әдетте мемлекеттік мекемелер мен шенеуніктер өз жұмыстары туралы ақпаратты жедел түрде бермейді. Сондықтан журналистке ақпаратты алу үшін табандылық қажет екеніне дайын болуы керек.

Түпнегізді қолдану; Журналист көбіне ақпаратты екінші, үшінші ақпарат көздерінен алады. Осылайша берілген ақпарат өз құндылығын, бастапқы кездегі қалпын жоғалтады. Себебі біреу ақпаратты дұрыс естімеді, басқаша түсінді немесе басқаша қабылдады да, ақпаратты өз пікіріне сай жеткізді. Ақпараттың берілу тізбегі неғұрлым ұзын болса, «кедергі» соғұрлым күштірек болады. Ең сенімді жол – түпнегізді ақпаратқа жүгіну. Қате ақпарат бәле-жала мен тіл тигізу туралы, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талаптарға немесе шындыққа жанаспайтын ақпараттар бойынша қылмыстық істің қозғалуына алып келуі мүмкін [1].

Сұқбат үшін, кем дегенде, екі адам қажет. Басқа сөздермен айтқанда, бұл сұқбат беруші мен сұқбат алушы арасындағы бірлескен авторлық жанр. Бұл әріптестіктің соңы жағымсыз жайттарға әкелмес үшін журналист бірнеше ережені сақтауы тиіс.

Заң сұқбат берушінің аудио немесе бейнежазбаға келісімін талап етеді. Тілшінің сұрақтарына жауап бере отырып немесе өзі жайлы баяндаған кезде ол көпшілікке танылатынын қаламайтын қосымша ақпаратты айтып қалуы мүмкін. Сондықтан, тілші нақты қай ақпаратты жазып алуға болатынын сұрау керек. Егер журналист сұқбатты жазып алуға рұқсат бермесе, онда оны өз еркімен жасауға болмайды, себебі заң суреттемеге байланысты азамат құқықтарын қорғайды.

Журналист қолымен жазған жазбаларында айтылған барлық ақпаратты қамти алмайды. Егер жағдай мен уақыт жеткіліксіз болса, онда мұндай жазбалар қысқартылған түрде жасалады. Жазбаларды қарастырған кезде журналист кейбір толымсыз жерлерді кезіктіруі мүмкін, ал оны дұрыстау үшін мүмкіндік жоқ. Сондықтан диктофонды қолданған дұрыс. Диктофонға жазылған аудио арқылы журналист ақпаратты жинау процесін толық ете алады. Алынған ақпаратты толығымен анализдеу мүмкіндігі пайда болады. Егер тілшіге шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратты деген айып тағып отырса, ол әрқашан да өзінің айыпсыздығын қолдағы аудио жазбамен дәлелдеп бере алады.

Есте сақта! Барлығын және барлық жерде жаза беруге болмайды [6].

Сот процестері кезінде диктофонның қолданылуы міндетті. Қылмыстық-процессуалды кодексте, Азаматтық-процессуалды кодексте және Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде сот процестерінің жариялығы мен ашықтылығын пайымдайтын және оны тіркеу әдістері туралы арнайы мақалалар бар.

Журналистің қауіпсіздік техникасының негіздерін біле тұрып, тілші өзін кез келген жағдайда сақтандыра алады. Бірақ, егер тілші бәрібір сот процесінен құтыла алмаса, сотта қорғануды үйрену керек  [8].

Журналист жиі сот талабымен (әсіресе ар-намысты, қадір-қасиетті қорғау туралы талап) бетпе-бет қалады. Не істеу керек? Ең алдымен, сабырлықты сақтау. Бұдан басқа, негізгісі – заңдарды білу. Журналистің заңгер емес екені түсінікті, бірақ сен өзің үшін болмасаң, сен үшін кім болады?

Журналист сотта өз бетінше ақталған кезде, оған керегі:

арыз өтінішімен мұқият танысып, оған қандай және не себепті наразылық білдіріп тұрғанын түсіну;

пікірталас болып жатқан мақаланы тауып, оның ішінен арызға байланысты мәтін үзінділерін табу;

пікірталас туғызған үзінділерді анализдеу, ақпаратты фактке және пікір, пайым, бағаға бөлу;

ақпаратты жинаған уақытта қандай материалдарға сүйенгенін есіне  түсіріп, оларды қайтадан тексеру;

өз мақаласының дәлдігін анықтайтын факттер мен дәйектерді жинау. Факттерді растайтын құжаттар табылса жақсы,  мысалы: ақпарат туралы сұраныстың ресми жауабы, пресс-релиздің деректері, архивтік құжаттар және т.б.

Журналист  мақаласында айтылған факттерді растай алатын куәгерлерді табу. Тілшінің ақпарат көзі (жеке тұлға) сонымен қатар сотта да куәгер болуы мүмкін [9].

Келесі кезең – журналистің сотқа келуі. Болатын жері мен уақыты туралы тілшіге шақыру қағазы арқылы ескертеді. Сотқа тек белгілі бір себеппен келмеуге болады (ауру, жолсапар, т.б.), бұл туралы міндетті түрде сотты ескертіп, оны дәлелдейтін қағазды ұсынуы қажет. Журналистің сотта болмауы өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен шектейді [10].

Заңның қандай үлгілерін және оларды қалай қалданудың жолдары өте көп. Оларды білу үшін заң факультетінде талай жылдар оқу керек. Бірақ бүгінгі күнде туындап жатқан мәселелер журналистің іскерлігіне қатысты негізгі құқықтарды білуге жетелейді.

 

Амангелдиева Гүлмира Сабырқызы

ҚарМУ, журналистика кафедрасының оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.