Ұлттық қол өнер

Қазақтың қолөнері – ұлттық мұрамыз, халық қазынасы. Ұлттық қол- өнеріміз халықтың этикалық, эстетикалық, мәдени дәстүрін көрсетеді. Қазақ халқының таза, табиғи материалдардан жасалатын қолөнері бүгінде ұлттық брендке айналып келеді.
«Ер қанаты – ат» демекші, ер азаматтар атбегілікпен айналысып, жылқыны қолға үйреткен. Ел ішінде ат әбзелдерін жасайтын шеберлер де аз болмаған.
Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде Шет ауданы бойынша «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығымен бірлесіп «Ноқта түю» атты шеберлік сабағы өткізілді. Музейлік іс-шараға көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.
Қолөнер шебері Тукенов Ғайнолланың қатысуымен өткен шеберлік сабақта балаларға ноқта түюдің әр түрлі әдістерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
Шеберлік сабақ барысында әр оқушы арқанмен және т.б. материалдарды пайдалана отырып, қалай өлшеп-пішу керектігін, қалай түю керектігін, үйренді.
Ұлттық қолөнерімізді насихаттап, өскелең ұрпаққа дәріптеп, бар білгенін үйретіп жүрген қолөнер шеберлерінің еңбегі өлшеусіз.

Шет ауданы бойынша кеңесші Арыстанбекова Л.М.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.