“Закира тәттілері” шеберлік сабағы

“Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы қараша айында мастер кластар науқанын өткізуде. Шаш қию мен сәндеу, іс тігу және кондитерлік тағам әзірлеуден бір айда 18 тегін мастер класс өтеді.

Бүгін “Шаңырақ” орталығы мен танымал кәсіпкер, “Закира тәттілері” ЖК иесі Закира Бахторазова “Кондитерлік өнімдер дайындаудан” көпбалалы отбасыларға арнап тегін мастер класс өткізді.

Мастер класта кәсіпкер қыз-келіншектерге түрлі торттар мен пирожнийларды пісіру мен әрлеу әдістерін үйретеді. Бизнес жүргізудегі жаңа тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабағының мақсаты: табысты ана болуға ұмтылған нәзік жандылардың басын қосатын орта құру. Кәсіп жүргізу машықтарын үйрету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.