“Салқын тағамдарды әзірлеу” тегін шеберлік сабақ

Қарағандылық көпбалалы аналар “Салқын тағамдарды әзірлеу” атты тегін курсқа қатысты. Бүгін «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында «Салқын тағамдарды дайындау» бойынша шеберлік сабағы өтті.

ЖК «Айлана» негізін қалаушы, көпбалалы ана, тәлімгер Малибаева Зейнегүл Нұрланқызы дәмді ас дайындаудың қыр-сырын үйретті.

Сабақты өткізудің басты мақсаты «Салқын тағамдар» өнімдері арқылы табыс табуға мүмкіндік беру. Көпбалалы аналарға іскерлік дағдыларды меңгертіп, бизнес ашу жолын үйрету.

Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.