Өзім визажист

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына  жаңадан қосылған аналар үшін  «БЕТ ӘРЛЕУ» шеберлік сабағын өткіздік.

«QYZYLARAI» сұлулық салонының  негізін қалаушысы, жетекшісі Төлеубаева Жаннұр Мадениятқызы осыған дейін де бірнеше рет тегін шеберлік сабақтарын өткізген еді. Осы жолы да сол үрдіспен өз шеберлігін тегін көрсетіп, аналарға пайдалы іс, керекті мамандықтың бастауын үйретті.
Әрқашан аналардың еңсесін көтеріп, сұлу әйел, бақытты ана болып жүруіне себепкер бола білген Жаннұр ханымға алғысымыз ерекше! 6 баланың анасы Жаннұр ханым көпбалалы аналарды жақсы түсіне біледі, сондықтан «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығымен бірлесе жұмыс жасауға қуана келіседі!

Сабақ соңында Жаннұр ханым барлық анаға сертификат табыстады!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.