Қарағанды қаласында «Таңшолпан» отбасылық типтегі балалар үйі жанында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай салынды.

Қарағанды қаласында «Таңшолпан» отбасылық типтегі балалар үйі жанында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай салынды. 08.09.2023 жылы сағат 15.00-де демеушілер жылыжайды “Таңшолпан” балалар үйіне табыстайды.

Балалар үйі тәрбиеленушілері жыл он екі ай экологиялық таза бау-бақша өнімдерін тұтынантын болады. Балалар дәруменге толы көкөністерді өздері өсіруді меңгереді. Өсімдік өсіру бойынша эксперименттер жасауға мүмкіндік алады.

Сәуір айында «Talbesyk» Көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі түрлі ұйымдарға хат жазып, жылыжай салу үшін демеуші іздеді. Ұйымның өтінішін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қолдап, қаржы аударды.

Мамыр айында «Talbesyk» Көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Таңшолпан» отбасылық типтегі балалар үйі және «SapaGaz» ЖШС құрылыс компаниясы арасында үшжақты келісім шарт жасалып жылыжай салынды.

​Жылыжайды жыл он екі ай пайдалануға болады. Оның ұзындығы 12, ені 6 метр. Жалпы аумағы 72 шаршы метр. Жылу, су, және жарық орталықтандырылған жүйелерге қосылған. Қысқы мерзімде жылудан бөлек, өсімдікке қажетті жарық сәулесін бөлетін арнайы шамдар орнатылған.

Мекенжайы: «Таңшолпан» отбасылық типтегі балалар үйі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.