«Көпшік тігу» шеберлік сабағы

Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесі жанындағы Ісмер клубының үйретуші шебері «ALTYN ORNEK» ЖК директоры Кулумбетова Перизат Қалиханқызы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығымен бірлесіп «Көпшік тігу» шеберлік сабағын  Достық үйінің шеберханасында өткізді.

Перизат ханым тігу шеберінің қыр-сырын үйрете тұра, бала тәрбиесі жөнінде керемет өсиет айтып, Аналар кеңесінің мүшесі ретінде аналарға пайдалы кеңесін де берді.
Жас аналар тамаша әңгімені ұйып тыңдап, ою-өрнек қиып, тігудің түрін үйреніп алды.

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының атынан және көпбалалы отбасылардың атынан  Перизат ханымға алғыс айтамыз! Қазақы нақыштағы бұйымдарыңызды дәріптеп, ұмытылмас жағдай жасауға үлесіңізді қоса беріңіз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.