БАСПАНА-ХИТ ЖАБЫЛАДЫ

БАСПАНА-ХИТ ЖАБЫЛАДЫ

Көптеген жас отбасылар «Баспана-хит» бағдарламасымен үйлі болды. Биыл бұл бағдарлама жабылады екен.
Ал 2022 жылы «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру аяқталмақ.

«7-20-25» бағдарламасының күйрейтіні басынан белгілі еді. Тек қана жаңа үйге берілді. Ал дәл Қарағандыда бюджеттік жаңа үйлердің құрылысы сын көтермейді. Оңтүстік-Шығыс ауданында бой түзеген зәулім үйлердің сапасы әкімдікті де, тұрғындарды да шаршатты. Әрі жаңадан салынатын коммерциялық үйлер әрлеусіз беріледі. Бөлмелерін бөліп, есік, еден төсеу қосымша шығын әрі шаршы метрі қымбат. Осылайша 7 пайыздық ипотекаға ынта білдіргендер аз болды. Егер екінші нарықтағы үйлерді алуға рұқсат берілгенде сұранысқа ие болар еді.

Ал «Баспана-хит» жабылса үйсіз жүргендердің үміті өшеді. Ол жаңа үйге де, екінші нарыққа да берілді. Қазір ипотекадан басқа баспаналы болатын мүмкіндік жоқ. Жылына 10,75 пайызбен, алғашқы жарнасы 20 пайыз, 15 жылға берілетін ипотекамен көптеген қазақстандық үйлі болды. Үйін кеңейткісі келгендерге таптырмас мүмкіндік еді. Мемлекет «үй кеңейту» деген бағдарламаны жауып тастаған. Осы себепті Баспана-хит»
халыққа шағын пәтерлерін сатып, кең пәтер алуға жол ашты. Ендеше сұранысқа ие ипотека неге жабылады?

Фото: «Шаңырақ» орталығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.