«Салют» балалар сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

22.06.2023ж қала сыртындағы «Салют» балалар сауықтыру лагерінің биылғы жылғы яғни 2023 жылғы маусымының ашылу салтанаты өтті.

Лагерь 360 балаға арналып 4 маусымға жоспарланған.
Лагерь аумағы жайлы демалу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан , көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға лагерьдегі барлық қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Ашылу салтанатына Қарағанды қаласының білім бөлімі және «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының өкілдері қатысты. Демалыс орталығы және демалушы балалар көңілді концерт ұйымдастырып, ән айтып, би билеп, антматорлар қызықты өнерлерін паш етті.

Қарағандының белгілі жеке кәсіпкері «Закира тәттілері» демеушілік жасап балаларға тоқаштар тағы басқа тәттілерін, сусындарын апарды. Және балаларға спорттық доптар, бассейнге арналған құралдар тб ойыншықтарда сыйға берді.

«Шаңырақ» орталығы балалардың ой-өрісін дамытуға үстел ойындарының түрлерін апарып табыстап келді.

«Салют» жазғы демалыс лагерінің демалушы балаларына сәтті демалыс тілейміз. Жақсы шынығып, келесі оқу жылына жақсы көңіл-күймен баруларына тілектеспіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.