Қарағанды: БІР ЖАРЫМ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС

Қарағанды: БІР ЖАРЫМ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС

“Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы 1,6 жастағы бөбектер арасында сайыс өткізді. Сайысқа Қарағанды, Шет, Бұқар жырау, Қарқаралы ауданынан 7 отбасы қатысты.

Сайыстың бас демеушісі — “Көктем” ЖШС-ның Қарағанды облысындағы филиал басшысы Ерхат Ракишев пен Роза Теміржанқызы. “Көктем” ЖШС — 2019 жылдан бері қарағандылық көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасыларға үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Бізге үлкен залды Vogue мейрамханасының иесі, “Ханшайым” қыздар мен әйелдерді дамыту клубының жетекшісі Меруерт Алимбаева тегін ұсынды. Екі кәсіпкер де “Шаңырақ” орталығының тұрақты демеушілері.

“Бөбектер сайысын ”№2 оқушылар сарайының «Гауһартас» би үйірмесінің тәрбиеленушілері «До, ре, ми» биімен ашты. Әдемі би үшін Алтынбекова Шариза ханымға алғыс!

Қарағанды қаласы ІІБ басшысы Нуржан Ильяшев сайысқа ақжол тілеп, демеушіге қала әкімі Мейрам Кожуховтың Алғысхатын табыс етті.

Сайыстың әділқазы мүшелері: жұмыспен қамту бөлімі басшысы орынбасары Bahytnur Talipova, әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия төраға орынбасары Айжан Киясова, “Сенімен болашақ” ҚБ филиал жетекшісі Индира Жанұзаққызы, “Ханшайым” клубынан Айжан Тәбәрікқызы, ІІБ әйелдерді қорғау бөлімі инспекторы Айнұр Жанель болды.

Сайысты танымал асаба Еркебұлан Айтбаев нақышын келтіріп, өте көңілді, тамаша жүргізді.

Гуманитарлық колледж студенттері аниматор болып, бөбектерге би билетті.

“Ана үйі” Қоғамдық қорының филиал жетекшісі Айгүл Рымбаева бір команда әкеліп қатыстырды. Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайысты ұйымдастыруға қолдау жасады.

Қатысушы бөбектер кубок, 1, 2, 3 орын және “Тапқыр, “Жүйрік”, “Елгезек” “Көрермен көзайымы” номинациясын иеленді.

“Көктем” компаниясы қатысқан барлық бүлдіршінге және Қарқаралы, Бұқар жырау, Шет ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға салфетка, памперс топтамалары мен ойыншықтар сыйлады.

“Сенімен болашақ” ұйымы 10 балаға арнайы сый-сыяпат жасады.

“Шаңырақ” орталығы фуршет ұйымдастырып, барлық қонақтар мен балаларға шырындар мен тәттілер үлестірдік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.