Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​академиясы мен “Talbesyk” көпбалалы аналар одағы” ҚБ әріптестік меморандумға қол қойдық.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​академиясы мен “Talbesyk” көпбалалы аналар одағы” ҚБ әріптестік меморандумға қол қойдық. Қарағанды ІІМ академиясы бізді, “Шанс” дағдарыс орталығын, “Ана үйін”, “Мир добра” ҚБ және облыстық ІІД өкілдерін шақырып, дөңгелек стол өткізді. Академия тергеуші мен жедел уәкіл дайындайды. Әйел тергеушілерді дайындауда біздің, яғни ҮЕҰ өкілдерінің тәжірибесін сарапқа салып, кеңесші болуға шақырды. Біз әйел мен бала құқығының бұзылуы, жыныстық жәбірлеу, т.б. оқиғалармен айналысамыз.

“Шанс”, “Ана үйі”, “Мир добра”, “Шаңырақ” және полиция бір-бірімізбен тығыз жұмыс жасап келеміз. “Ана үйіне” 3 отбасы (екеуі Қарқаралыдан), “Шансқа” 2 отбасын (біреуі Бұқар жырау ауданынан) орналастырдық. Дағдарыс орталықтары мен Аналар үйі қажет. Биыл Қарқаралыда ашылмақ.

Отбасын қолдаумен айналысатын 4 үкіметтік емес ұйым Академия басшысы, генерал Ақынғали Дәрменовпен меморандумға отырдық.

Жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен кәсіби әйел тергеушілер жиналып, Қарағанды академиясында конференция өткізеді екен. Біз Достық үйінде әйел тергеушілерді шақырып, аналармен кездестіріп, тергеген оқиғаларды баяндап, әйелдерді өз құқығын қалай қорғау жолдарын әңгімелесе деген ұсыныс айттық. Генерал қабылдады.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел мен баланы тек әйел тергеушілер тергесін деген ұсынысты Президент жанындағы Әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия ұсынған. Зомбылық құрбаны ер адамға ашылмайтыны белгілі. Бүгінде әйел тергеушілерден тұратын бөлімдер ашылған, арнайы әйел тергеушілер дайындалуда. Біз өз тарапымыздан жас курсанттарды аналармен кездестіріп, тәжірибе жинауына қолдау жасаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.