ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАНА

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАНА!!!

Бүгін Қарағандыда “ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАНА!!! Home M” құрылыс компаниясы 5 баласы бар отбасыға 85кв.м. жаңа пәтердің кілтін сыйлады! Компания құрылтайшылары Марлен Ерсаинович Нугманов, Руслан Жумабаевич Усенбеков, Сергей Ким Константиновичтің демеушілігімен және Қарағанды қалалық мәслихат депутаты Сауле Дуйсембаеваның қолдауымен бір отбасы баспана бақытына ие болды.

“Шаңырақ” орталығы баспанаға мұқтаж отбасыларды кәсіпкерлерге ұсынамыз. Бизнесмендер бұл отбасыны кездейсоқ таңдаған жоқ. Көпбалалы отбасының біреуі ерекше бала. Жұлдыз ханым 2019 жылдан бері “Талбесік” ұйымына мүше, отбасы ешкімге алақан жайған емес, баспанаға өзіміз ұсындық.

Жас кәсіпкерлер түскен табысты қайырымдылыққа жұмсап, мүмкіндігі шектеулі баласы бар көпбалалы отбасыға кең сарайдай 3 бөлмелі үйді сыйға тартты. Пәтерді әрлеуге де қолғабыс жасамақ.

Кәсіпкерлерге және депутатқа алғыс айтамыз. Кәсібі дөңгелеп, табыс еселенсін! Игілігін халық көрсін!

“Sunrise” Құрылыс компаниясы Қарағандыда 3 тұрғынүй кешенін салып жатыр. Үй өте жылы, кең, аулаға көлік кірмейді. Есік алдында тек балалар алаңы орнатылады. Бағасы қолжетімді. Жүрегі кең азаматтар салған үйде береке бар. Бар қазақ баспаналы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.