ШЕТ ауданы: Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту

ШЕТ ауданы: Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту

Шет ауданының көпбалалы аналары өткен “Тігін тігу” мастер класстарын кез келген уақытта “Шаңырақ” көпбалаларды қолдау орталығына келіп қайталама жұмыс жасайды, және мастер класстарға қатыса алмаған аналарымыз келіп үйренуге мүмкіндік болады. Оған қоса бір бірлерінен білмеген дүниелерді үйренуге жақсы мүмкіндік.
Осы жолы “Сыпыра” және “Шопер сөмке” тігілді.
Осымен қатар әр жиында Шет ауданы ПБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Кошкинбаева Саулет Ериковна көпбалалы аналармен сұхбаттасады. Саулет ханым өзіде көпбалалы ана, әр мастер класста және жиындарда қуана-қуана қарсы аламыз.

Мақсат: жаңа машық меңгерту арқылы отбасы кірісін арттыруға мүмкіндік беру, табыс табу жолдарын үйрету.

Аналардың сұранысы бойынша өткен сабақ көңілден шықты!
Шет ауданы бойынша кеңесшісі Л.М.Арыстанбекова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.