ШЕТ ауданы:Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту

ШЕТ ауданы:Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту
Дәстүрлі қазақы ортада қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы тереңге кеткен сан-салалы қатынас уақыт озған сайын кейін қалып бара жатқаны жасырын емес. Кейбір этнографиялық атаулар мен ұғымдар қолданыстан алыстаған сайын ұмытылып, көнеріп те қалды. Десе де соның кейбірін жаңартып, жаңғыртып кәдемізге асыра алсақ қой деп кейде қиялға ерік береміз.
Нан жабу, бауырсақ пісіру немесе асылып жатқан еттің жаймасын дайындау үшін алдымен осы сыпыраны жаяды. Қамырды илеп, бірнеше зуала дайындағаннан кейін сыпыраның үстіне нантақтайды қойып, оқтаумен ыспалап бөлек-бөлек жайып шығады.
Сыпыра халық түсінігінде дастарқан тәрізді береке, молшылық әкелетін, отбасының ынтымағын жарастыратын қасиетті бұйым саналған. Сондықтан сыпыраны теріс бүктеме деген ырым сөз де сақталған. Нан жайылып болған соң, сыпыраның ішіне аздап ұн мен ашытқы қалдырып, алдымен ішкі жағын беттестіре екі бүктеп, кейін екі жақ шетін теңестіре қайырып, ортасына қарай теңдей бүктеп, жоғарыға қойған.
Сыпыра байлық пен молшылықтың нышаны саналғандықтан, мол дәулетке ие болып отыр деген мағынада «сыпыраның ішінде отыр», «қойдың сыпырасы» екен деген мағынада бағалау мәніндегі фразеологизмдер қалыптасқан. Мұндай бейнелі сөздерді өзге де түркі халықтарынан кездестіруге болады, мәселен, қырғыз тілінде «қудайдың супурасы» деген сөз «оты мол жер» дегенді білдіреді екен

Шет ауданының көпбалалы аналарына арнап қазан айының 31 күні “Шаңырақ” көпбалаларды қолдау орталығына ауданымыздың көпбалалы анасы, қолынан өнері тамған Сезімхан Жанерке тағыда бір кәзіргі заманға сай, жоғарыда айтылған қазағымыздың көнеден кележатқан қасиетті бұйымымыз Сыпыра тігу бойынша мастер класс өткізді.
Мастер класс керемет, жоғары деңгейде өтті! Әр келген көпбалалы аналар керемет әсер алып, инсайт алып қуанып қайтты. Бәріне сертификат таратылды!
Мақсат: жаңа машық меңгерту арқылы отбасы кірісін арттыруға мүмкіндік беру, табыс табу жолдарын үйрету.
Аналардың сұранысы бойынша өткен сабақ көңілден шықты!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.