ИБРАГИМОВА — ҚАРАҒАНДЫДА

Орталығымыздың ашылғанына бір ай болды. Осы аралықта қаншама адамның мемлекеттік кезектен шығып қалғанына куә болдық. Адамдар ондаған жыл күткен үмітінен бір ақ күнде айрылған.
2019 жылы үй кезегіне тұрғандар қазір егов базасында жоқ. Сол жылы тұрғандар жоқ болса бір сәрі. 2006 жылы тіркелгендер де жоғалып кеткен. Қарағандылық үш жүзге жуық азамат цифрландырудың арқасында ғайып болған.

Бұл мәселеге Мінбер Қорымен бірлесіп
MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында қозғау салдық. Кезегі ғайып болған аналарды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бас сарапшысы Данияр Балтин мырзамен зум арқылы кездестірдік. Мәселенің шығу себебіне үңілдік. Жалғыз Қарағанды ғана емес, басқа өңірлерде де осы жағдай. Себеп кезектің бірыңғай республикалық базасы жасалып жатыр. Оған кезекте тұрған 530 мың адамды толық енгізіп үлгермеген.

Біздің Қарағандыда кезекте 17 мың адам тұр, оны өңдеумен тек бір маман айналысады. Қайдан үлгерсін?

Кеше қалалық Тұрғынүй қатынастары бөлімі басшысы Асет Алдабергенов мырза келіп, қалалық тізімнің ретке келтірілгенін министрліктің енгізуін күтіп отырғанын айтты. Әсет мырзаның көзінше Индустрия министрлігі маманымен сөйлестім.

Министрлік кезекті толық енгізбестен «Бақытты отбасы» бағдарламасын жариялап жіберген. Бүгін оған өтініш беру аяқталды. Ал кезегі жоғалып кеткендер арзан ипотекадан қағылды. Себебі банк тек егов базасын ғана көреді. 2 пайыздық ипотекаға жылына бір рет қана құжат қабылдайды. Біз кешеге дейін бұл мәселе шешіледі деп күттік. Әсет мырза кеткен соң Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике төрайымы Ләззат Рамазановаға хат жаздым. Себебі ОТБАСЫ БАНК (Жилстройсбербанк Казахстана) басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимовамен бірге осы комиссияға мүшемін. Одан бөлек Ulttyq keńes хатшысы Karin Erlan мырзаға да хат жаздым. Олардан «Бақытты отбасыға» өтініш қабылдауды тағы бір айға созуды сұрадым. Себебі 309 адам — аз емес. Олардың да басқалар секілді 2 пайыздық ипотекаға бақ сынауға құқығы бар. Екі жыл бойы цифрланып бітпей жатқан кезектің ұңғыл-шұңғылы үшін қарапайым жандар жауап беруге тиіс емес. Олар үшін баспана — бақытқа апаратын жол.

Кеше хабарласып осы жайтты айтқанымда «Отбасы банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кездесіп талқылайық деді. Бүгін Қарағандыға келген сапарында «Шаңырақ» орталығына келді. Қолына анықтама-деректерді тапсырдым. Ләззат Еркенқызы қарастыруға уәде берді.

Орталық ашылған бір айда тек кеңес беріп қана қойған жоқпыз, анықталған мәселерді Үкімет деңгейінде шешу үшін ұсыныс жасадық. Ләззаттің Ләззатқа жазып, Ләззәтқа жеткен хаты қандай нәтиже береді, көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.