Жеті баласы бар Гүлжазира Жүнісоваға берген арендалық үй

Шет ауданы әкімдігінің 7 баласы бар отбасыға берген арендалық үйі.
«Алтын алқа» иегері Гүлжазира Жунусова оған дейін кенеуі кеткен ескі баспанада тұрған. Кейін ол үй арнайы акті арқылы «апатты» деп танылады. Апатты үй әкімдік балансына өтеді де, көп балалы отбасыға жаңа үй беріледі. Жанғұтты би көшесіндегі 134/1 үй екі жыл болды қыс түссе көгеріп, туалет-ваннасы мұз құрсанады дейді Гүлжазира ханым. Отағасы екінші топ мүгедегі, жұмысқа жарамсыз. Мына үй меніңше бала-шағаның денсаулығына зиянды.
Ал бұлардың «апатты үйіне» әкімдіктің басқа отбасын кіргізіп қойғанына да екі жыл болыпты.

«Бір қызым бір қызымнан өткен сорақы» демекші, ескі үй тұруға жарамсыз деп, кезекке тұрып, мемлекеттен алған баспанасы бұрынғы үйлерінен екі есе ескі. Көп балалы ана комиссия шақырып, әкімдікке көрсеткен, тегін кіріп отырсыз ғой деген сыңайда әңгіме айтылған.

Менің түсінбегенім, «апатты» деп танылған үйге әкімдік қалай басқа отбасын кіргізіп отыр? Қауіпті емес пе?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.