РОБОТОТЕХНИКА, ДРОН, ТЕЛЕСКОП, ТІГІН ІСІ: ҚАРАҒАНДЫДА 31 ТҮРЛІ ТЕГІН ҮЙІРМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

РОБОТОТЕХНИКА, ДРОН, ТЕЛЕСКОП, ТІГІН ІСІ:
ҚАРАҒАНДЫДА 31 ТҮРЛІ ТЕГІН ҮЙІРМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңадан салынған Оқушылар сарайында 31 түрлі үйірмеге қабылдау басталды. Үйірмелер техникалық-шығармашылық бағытта. Тегін. Мұнда инженерлік іс, web-дизайн, графика, анимация, ән салу, домбыра, тігін тігу, шаш безендіру, шахмат, логопед, хореграфия, тағы басқа бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Дрондар, роботтар, камералар, студиялар, лабораториялар техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған. Біздің балалар қандай бақытты. Барлық үйірме бір жерде.
Үйірмеге 1-15 қыркүйек аралығында қабылдау жүргізіледі. Қосымша білім беру қыркүйектің 15-нен басталады.

Мекенжайы: Шахтерлер даңғылы 64, Достық үйінің арты, 102 мектептің жаны, үйірмелер бәрі тегін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.