Ақ қан ауруына шалдыққан баласының жағдайымен көп балалы ана хабарласты

Жазда көпбалалы ана хабарласты. Ақ қан ауруына шалдыққан баласының жағдайымен астанада екен. Жалғызбасты. Басқа балаларын елордадағы дағдарыс орталығына орналастырған. Алты айдың ішінде балаларымды алмасам, балалар үйіне жібереді, тұратын баспанам жоқ деп «Шаңырақ» орталығынан көмек сұрады.

Біздің қызметкер Кымбат Булкаирова жалғызбасты анаға баспана іздеумен айналысты. Қымбат ханым Нұра ауданы Жараспай ауылында көп балалы отбасыларға тегін баспана мен 500 мың теңге көмекқаржы берілетінін анықтады. Әкімдікпен хабарласып Гүлден ханымды сол ауылға жіберді. Қазір бұл отбасы орналасты, көмекқаржысын алды. Баласының жағдайына орай жұмысқа шыға алмады.

Гүлден ханым туралы біз жақында ғана мұқтаж отбасыларға үй сыйлаған демеушімізге айттық. Демеуші Гүлден ханымға қалтасынан 500 мың теңге салып жіберді. Сонымен бұл отбасы жазда 1 миллион теңге көмек алды.

Бүгін»Шаңырақ» орталығы Гүлден ханымның балаларына оқу формаларын, кеңсе тауарларын, 50 кило азық-түлік бердік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.