Екі баланың бір айлық оңалтуына көмек береміз

 

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы мүмкіндігі шектеулі екі баланың абилитациядан өту қаржысын төлейді.

Біздің орталыққа ерекше балалары бар аналар жүгініп, балаларының емін төлеуге көмек сұрайды. Жүгінген аналар Қарағандыда орналасқан «Амалия» орталығында қаралған балалардың дамуында ілгерілеушілік барлығын алға тартады.

Біз «Амалия» орталығына барып, жұмысымен таныстық. «Амалия» дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеу жөніндегі абилитациялық орталыққа барғанда басқа да аналардан жағымды пікір естідік. Осыған орай, «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы «Амалия» орталығында оңалтудан өткізу үшін Қарағанды қаласының тұрғындары — 2 мүмкіндігі шектеулі баланың толық күн режиміндегі бір айлық ақысын біржолғы материалдық көмек түрінде төлеуге шешім қабылдады.

Осы мақсатта біз арнайы комиссия құрып, ата-аналардан өтініш қабылдаймыз.

ТАЛАПТАР:

1. Бұл көмек тұрмысы төмен қарағандылық көп балалы отбасыларға бағытталған. Сол себепті ерлі-зайыптылар отбасының соңғы 3 айдағы табысы туралы анықтамаларды тапсырады.
2. Келесі диагнозы бар екендігін растайтын медициналық көшірме ұсынылады:
— РАС (аутистік спектрдің бұзылуы);
— СДВГ (назар тапшылығы және гиперактивтіліктің бұзылуы);
— ЗПРР (психо-сөйлеу дамуының тежелуі);
— Даун Синдромы.
3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
4. Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі.
5. Көп балалы екендігін растайтын анықтама.

(Комиссия оңды шешім шығарған балалар
«Амалия» орталығына эпидахуал туралы анықтама мен ПТР сынағы нәтижесін тапсырады).

Абилитация мен реабилитацияның айырмашылығы бар. Реабилитация — мүмкіндігі шектеулі жанды медициналық тұрғыда оңалту болса, абилитация —қоғамға бейімдеуге бағытталған емдік, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік іс-шаралар кешені. Яғни педагогикалық, әдістемелік бағыты басым.

Өтініштер: 22.09.2021 жылға дейін «Шаңырақ» орталығында қабылданады.
24.09.2021 жылы комиссияға ұсынамыз. Комиссия іріктеп алған екі баланы 2021 жылдың қазан айында «Амалия» орталығына жібереміз.

Мекенжайымыз: Мұқанов көшесі, 3 үй, «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы. +7 777 109 5974.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.