«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының осы мәселені көтергеніне 5 ай өтіпті.

НҮКТЕ

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының осы мәселені көтергеніне 5 ай өтіпті.

Орталық ашылған бетте біздің қызметкер Айша Сулейменова аналарды «Бақытты отбасы» бағдарламасына дайындады. Орталыққа жүгінген аналардың ішінде тек 25 адамның 2 пайыздық ипотека алуға мүмкіндігі бар екен. Жеке чат ашып жалақыларын есептеді, несиелерін жабуға кеңес берді, зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын қадағалады. Орталық қызметкері Кымбат Булкаирова егов порталы арқылы олардың үй кезегін тексерді. Мәселе осы кезде туындады. Он жылдан аса үй кезегінде тұрған аналар республикалық базада болмай шықты. Ал кезекте тұрмаса олар төмен пайыздық ипотека ала алмайды.

Түсіндірейін, үй кезегінде тұрғандар ОТБАСЫ БАНК (Жилстройсбербанк Казахстана) арқылы 2 және 5 пайыздық ипотека рәсімдей алады. Кезекте тұрмағандар 8 пайыздан жоғары ипотека рәсімдейді.

«Шаңырақ» орталығына кезектен шығып қалған 15 азамат жүгінді, ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Қолдарында кезекте он жылдан аса тұрғандығын дәлелдейтін, бөлім басшыларының қолы қойылған бірнеше анықтамалары бар.

Біз бұл мәселені 5 мамыр күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі — МИИР РК маманына хабарладық. Мінбер Қоры мен бірлесіп өткізген зумкездесуде Министрлік өкілі мен кезектен шығып қалған аналарды кездестірдік. Бірақ сол кезде біз ұсынған аналар кезекке сол бойы кірмеді.

Одан кейін бұл мәселе туралы мен Мәжілісмен, «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова ханымға жаздым. Бұл отбасылардың кезегі қалпына келгенше «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімін созуды сұрадым. Ләззат Еркенқызы Қарағандыға келген сапарында «Шаңырақ» орталығына арнайы келіп, мәселенің анық-қанығын білді. Бағдарламаға құжат қарастыру мерзімін жарты айға созды. Алайда аналардың кезегі қалпына келмеді, олар үлгермеді.

Бұрын кезекке әкімдіктер қоятын, «Бақытты отбасыға» да әкімдік жолдама беретін, ол үшін халық бір бума құжат тапсыратын. 2019 жылдан бастап барлық кезек министрлікке беріліп, республикалық орталыққа біріктірілді.

Биыл Отбасы банкі кезекті өздері базадан көріп, аналарды құжат жинаудан босатты. Бірақ әкімдіктер кезекті министрлікке жолдағанда кейбіреуі енбей қалған. Сол себепті он жылдан аса кезекте тұрған отбасыларды Отбасы банкі базадан көрмегендіктен ипотека бермеді.

Осы мәселені мен өзім мүшесі болып табылатын ҚР Президенті жанындағы Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике төрайымы Лаззат Рамазанова ханымға хабарладым. Себебі кезекке тек министрлік қоса алады, жергілікті биліктің қолында емес. Мәжілісмен біз көтерген мәселе туралы депутаттық сауал жолдауға уәде берді.

«Шаңырақ» орталығына тағы бір Мәжілісмен арнайы келді. Гульнара Бижанова ханымға біз «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат тапсырған аналарды шақырып кездестірдік. Үй бағасын көтеруді, жәрдемақыларды табысқа қосуды ұсындық. Мәжілісмен біз көтерген мәселер туралы депутаттық сауал жолды.

Осылайша арада бес ай өте шығыпты. 30 қыркүйекте облыс әкімі Jenis Qasymbek мырзамен болған жеке кездесуде осы мәселені айттым. Жеңіс Махмұтұлы көзімше Индустрия министрлігіне телефон соқты. Таңертең тоғыздың кезі болатын. Сағат үште осы мәселемен сіздерге Тұрғынүй қатынастары басқармасының басшысы Улантай Усенов барады деп тапсырды.

Ұлантай Үсенов мырза министрлікке Қарағанды қаласының әкімі Ермаганбет Булекпаев тың ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің Құрылыс және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Т. Ж. Қарағойшиннің атына жазылған хатын тапсырды.

Сонымен 30 қыркүйек күні Индустрия министрлігімен болған кездесудің нәтижесінде бұл азаматтардың өтініші мен растайтын құжаттарын тұрғынүй комиссиясында қарауға шешім қабылданды.

Осылайша облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің араласуымен 5 айға созылған іске нүкте қойылып, 249 қарағандылық азаматтың үй кезегі қалпына келтірілетін болды.

Бұл да болса, «Шаңырақ» орталығының бекерге құрылмағандығының айғағы. Орталық Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен ашылған. Бұл мәселені анықтап, дер кезінде дабыл қаққан қызметкерлер Айша Сулейменова мен Кымбат Булкаироваға алғыс айтамын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.