АЛТЫНШЫ БАСПАНА!!!

АЛТЫНШЫ БАСПАНА!!!

«Талбесік» көп балалы аналар одағы» ұйымының қолдауымен бүгін алтыншы отбасы қолма-қол ақшаға үй алды.

2020 жылы Қарағанды қаласында бірде бір арендалық пәтер берілмеді. Дегенмен, қарағандылық танымал кәсіпкер, жаны жомарт азаматтың демеушілігімен «Талбесікке» мүше 7 отбасы баспаналы болды, ол кейбірінің тұтынушылық несиелерін де жапты.

2021 жылы да үй кезегінде тұрған қарағандылықтарға арендалық бірде бір пәтер әлі берілген жоқ. Біздің демеуші биыл тағы да 7 отбасыға баспана әперуді мойнына алды. 5 отбасыға қолма-қол ақшаға сатып берді. Ал екі отбасыға өздері ипотека аламыз деген соң, алғашқы жарнасына қаражат беріп отыр.

Бүгін алтыншы баспананы рәсімдедік. Еркегүл ханымға «Талбесік» ұйымы 3 жылдай қамқор болып келе жатырмыз. Біз алғаш көргенде Еркегүл ханым жас баласымен жеркепеде тұрып жатты. Оны былтыр ұсынғанбыз демеушіге. Мәрт азамат оған бір жылдан аса, үй жалдауға ай сайын қаражат беріп тұрды. Биыл үй сатып әперді.

Жалғыз Еркегүл емес, демеушіміз ол секілді бірнеше отбасының үй жалдау ақысын бірнеше жыл болды, тұрақты төлеп тұр.

Мұқтаждарға қол созған азаматты ел алдында дәріптесе болар еді. Алайда ол жақсылығын айтып өзіне жарнама жасамайды, үй алғандар кімдер, қазір қалай деп тықақтамайды. Қайырымдылықты риясыз жасайды. Өзінен рұқсат болмаған соң арда азаматтың есімін атап, жаһанға жар сала алмай, пұшайманмын.

Ал мен ізгі амалдың дәнекері болғаныма, осы сауапты істің басы-қасында жүргеніме бақыттымын.

Бұл да болса, көп балалы аналардың тізе қосып- бірігіп, «Шаңырақ» орталығын құрып, жұмысты жүйелі жолға қойғандығының айғағы. Қиын жағдайға тап болсаңыз «Шаңыраққа» келіңіз. Біз жол көрсетеміз, түсіндіреміз, қолдаймыз.

Мекенжайымыз Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 3 үй

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.