Аружан Саинның бастамасымен биыл үйірмелер мен секцияларға бюджеттен қаражат бөлінді.

БАЛАНС

https://artsport.edu.kz/

 

Аружан Саинның бастамасымен биыл үйірмелер мен секцияларға бюджеттен қаражат бөлінді. Бұрын мектептен тыс үйірмелер ақылы болатын. Әр балаға биге беру 15 мың, шахмат 15 мың, солай кете беретін. Биыл Қазақстан бойынша әр оқушы екі үйірмеге тегін баруға мүмкіндік алды. Спорт және мәдениет басқармалары секцияға барған әр балаға ақша аударады. Енді осы ақша балаларға жетті ме, жетпеді ме, соған келейік.

Аружан Сайин бәрін орталықтандырып
https://artsport.edu.kz/ru атты сайт ашты. Біз мұны ата-аналар арасында қарқынды насихаттадық. Жаз бойы «Шаңырақ» орталығының қызметкері Кымбат Булкаирова ата-аналардың құжатын сайтқа ілді, үйірмелер таңдатты, келісімшартқа қол қойдырды.

Сайттан әр балаға ұнаған үйірмені таңдай аласыз. Бір балаға екі үйірме тегін. Енді жекеменшік мекемелерге үйірме ашқаны үшін мемтарсырыс арқылы ақша құйылып отыр. Бірақ біз, қабылдау басталғанда кіргенімізде қаладағы екі бассейн орталығында орын толық деп көрсетіп тұрды, оған орын ашылмады мүлдем. Бірінші күні қалай толтырып қойғанын білмеймін. Кімдер барып жүргенін тексеруіміз керек Maira Tóleý-begim. Үйірмеге орын алу үшін екі түрлі медициналық тексерістен өтесіз, екі форма тапсырасыз, тағы басқа құжаттары бар. Бірінші күні бірден орын толтырып қою мүмкін емес еді.

Бұл әрине, тамаша мүмкіндік. Бұл туралы Ұлттық кеңес алаңында Білім министрі Askhat Aimagambetovке де бірнеше рет ұсыныс жасағанбыз. Бірақ, Асхат Қанатұлы ескеретін жайт бар. Үйірмеге спорт пен мәдениет те ақша бөледі, Білім де ақша бөледі. Олардың арасындағы балансты кім қадағалап отыр? Жекеменшік ұйымдар, кәсіпкерлер Артспорттың арқасында жақсы табыс тауып отыр. Ал сапасын кім қадағалауда?

Мәселен, мен Артспорт ашылғанда ата аналар балаларын бірден шахматқа жазды. Шахмат қымбат үйірме. Бірақ мектепте оқу басталғанда, балам үлгермейді деп кешірім сұрап, бас тарттым. Балам тамызда екі-үш рет қана барды. Онда осы айдың табеліне қол қойыңыз, сосын рұқсат деді. Ол айға қол қойдым, кінә менен, баламды уақытында жібере алмадым. Келесі айда маған хабарласып тұр, табелге қол қойыңыз дейді, балам мүлде барған жоқ, неге қол қоюым керек деп едім, барлығы қол қоймаса жалақы алмаймыз деп өтінді. Табель электронды. Тағы қол қойдым. Үшінші айда тағы звондап тұр, табельге қол қойыңыз деп. Сонда олар балалардың келген, келмегенін белгілемейтін болып тұр ғой. Ал бұл шахматқа мыңнан аса бала жазылды. Бір балаға бюджеттен 10 мың теңге бөлінеді. Кейбір таныстарымыздың да балалары барып жүрген жоқ, бірақ табельге қол қоя саламыз дейді. Спорт басқармасы бұл мекемелерге барып, бір ай бойы қанша бала келетіндігін тексере ме Temirkhan Abylaev мырза? Ал Артспорт арқылы ашылған футбол мен гимнастика үйірмелеріне ата-аналар разы.

Артспортқа барып жүрген балалардың көбі қалада жаңа Оқушылар сарайы ашылған соң бармай кетті. Себебі Оқушылар сарайындағы үйірмелер бір жерде, ғимараты жайлы, әсем, барлық жабдық соңғы үлгіде, заманауи. Барлық жағдай жасалған, бір жерде бір аптада 4000 бала 50 үйірмеге бара алады.

Ата-аналарға баласын Оқушылар сарайына берген тиімді.  Шахматшылар Оқушылар сарайы төлейтін жалақыны місе тұтпайды. Енді ана жақта әр балаға 10 мың алып отса, олар бұл жақтағы 60 мың теңге жалақыны қайдан менсінсін.

Оқушылар сарайы 4000 баланы бір мезетте қабылдай алады, кең, жарық, барлық жағдай жасалған, роботехника, инженерлік іс, космонавтика, тігін тігуді үйрететін 20 іс машинасы, шаш қию, мүсін жасау, телестудия, ойын ойнайтын алаңға дейін бар. Дрондар мен роботтар, тракторларды дәнекерлейтін аппараттарына дейін озық технология, бірақ мұғалімдерге төлейтін жалақысы мардымсыз.

Ал спорт пен мәдениет жекеменшіктерге үйірме үшін қыруар ақша бөліп отыр. Ондағы үйірме өткізетін кабинеттер жалға алынған, кейбірі жадау. Дегенмен мұнда келген әр балаға мемлекет жеке төлейді. Ал Оқушылар сарайында жағдай жасалған, бірақ жалақы төмен. Баланс жоқ.

«Қарақат мектебі» туралы жазыпты. Биыл бізде де осы мектептің филиалы ашылды. Сірә Аружанның ақша бөліп жатқанын білген. Ашсын, бірақ 600 бала аптасына екі рет барса, неше баладан барады? Бір коттедж тарлық етпей ме? Табельді қабылдамас бұрын ата-аналарға звондап шынымен барды ма, бармады ма деп тексере ме Қарағанды Облысының Мәдениет Басқармасы? Бізді солай тексереді. Біз қызмет көрсеткен әр адамның телефонын ұсынамыз, жұмыспен қамту бөлімі ай сайын ерінбей әрқайысына звондап, сосын ғана бізге ақша аударады. Талап бірдей болу керек, барлығына.

Әрине, біздікіндей Оқушылар сарайы барлық қалада жоқ. Сол себепті Аружан Саинның бастамасы өте жақсы мүмкіндік.

Дегенмен біздің қала бұл мәселені өздеріне тиімді етіп шешкені дұрыс. Себебі даңғарадай Оқушылар сарайы тұр, мұғалімдердің жалақысы төмен. Ал Спорт пен Мәдениет басқармасы үйірме үшін жекеменшіктерге биыл 1 млрдтан астам қаржы қарастырды. Игерілмегені қаншама.

Jenis Qasymbek мырза, Abzal Núken мырза, Гульсум Кожахметова ханым, Темірхан Абылаев мырза келесі жылдың бюджеті бекіп кетпей тұрғанда бұл мәселені назарларыңызға алуды сұраймын.

Бұл Қарағанды қаласына тікелей қатысты Ермаганбет Булекпаев мырза, Esentai Ashim мырза, ақша сіздердікі. Ал аудандар мен басқа қалалар үшін Арспорт тиімді. Сілтеме:

https://www.facebook.com/241793699356131/posts/1837835573085261/

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.