Қарағанды қаласындағы «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының ерекшелігі — қайырымдылықпен айналысатындығында және қызмет алушылармен жақсы байланыс орнатқандығында деп атап көрсетті

ООН Женщины ұйымымен әріптес «Десента» Қоғамдық қоры Қазақстандағы отбасын қолдау және белсенді өмір орталықтарына әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. Өткен аптада осы зерттеу обьектісі ретінде таңдалған ұйым өкілдерін жинап, зерттеу нәтижесімен таныстырды.

«Десента» ҚҚ зерттеуді Алматы, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтар арасында жүргізді. «Десента» ҚҚ екі айдан аса жүргізген сауалнама, арнайы барып танысу, сұхбаттар алу, құжаттарды зерделеу барысында шыққан ұсыныстарды талқыға салды. «Десента» ҚҚ «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы үшін жағымды қорытынды шығарыпты. Біз елдегі осындай 31 орталық үшін ортақ техникалық сипаттама жазылуы тиіс екендігін бұрыннан ұсынып келеміз.

Қарағанды қаласындағы «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының ерекшелігі — қайырымдылықпен айналысатындығында және қызмет алушылармен жақсы байланыс орнатқандығында деп атап көрсетті. Мен басқа аймақтардағы орталықтар да қайырымдылықпен айналысады деп ойлайтынмын. Олай емес екен.

Біз «Десента» ҚҚ-на барлық құжаттарды, есептерімізді бердік, бізде бәрі ашық, әр тиынның есебі бар. Біз балалардың шығармашылығын дамытумен де айналысамыз. Балаларға қатысты шаралар өткізуді «Десента» ҚҚ қолдады, басқа өңірлерге де осы тәжірибені қолдануға кеңес берді.

Ашылғанымызға жарты жыл ғана болса да, ауқымды шаралар ұйымдастыра алдық деп есептеймін. Ол әрине біздің команданың — «Шаңырақ» орталығы қызметкерлерінің еңбегі. Бірлік болмаған жерде жұмыс өнбейді. Біздің тәжірибені жалпы Қазақстанға ортақ деп ұсынып жатса — онда еңбегіміздің еш кетпегені.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.