«Өжет» спорт кешенінің басшысы Дәурен Әбдірасылов пен «Шаңырақ» орталығы қызметкерлерін шақырып, кездесу өткізді.
Өткенде «Өжет» спорт кешені туралы ата-аналардың шағымын жазған болатынмыз. Облыстық Спорт басқармасы басшысы Temirkhan Abylaev мырза «Өжет» спорт кешенінің басшысы Дәурен Әбдірасылов пен «Шаңырақ» орталығы қызметкерлерін шақырып, кездесу өткізді.
Кездесуде ата-аналар өтінішін жеткіздік. «Өжет» дене шынықтыру-сауықтыру кешені Қарағанды қаласы бойынша ірі орталық. Бірнеше спорт түрін бір орталыққа жұмылдырып, жүргізу тек іскер адамың қолынан келеді. Кездесуде кешен жұмысымен танысуға ниет білдірдік. «Өжет» кешені басшылығы ашық екенін жеткізді.
Кездесуде ынтымақтасып, бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласып тарқадық. Ата-аналар мен спорт ұйымдары арасында дәнекер болған Темірхан Абылаевқа алғыс айтамыз.

