МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ: «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫН РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК

МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ: «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫН РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК

Президент әкімшілігі ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов: Қарағандыдағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығын республикадағы басқа орталықтарға үлгі ету керек. «Шаңырақтың» жұмысы республикалық телеарналарда насихаттауға лайық. Мен де барып жұмысымен танысамын»,-деді.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА қалалық және облыстық Аналар кеңестерінің төрайымдары, «Қоғамдық келісім» КММ және ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

Республикалық Аналар кеңесі төрайымы Назипа Шанаи «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасын таныстырды. Жоба Аналар кеңесінің жұмысын жүйелейтін, мақсат-міндетін айқындаған жол картасы. Онда идеология, әлеуметтік кәсіпкерлік, инновация мәселері ұштастырылған.

Мен Қарағанды облысындағы Аналар кеңесінің төрайымы ретінде аймақта атқарылған жұмыстарды таныстырдым. «Шаңырақ» орталығының тәжірибесімен бөлістім. Астанада біздікіндей көпбалалы отбасыларға қызмет көрсететін орталық бар. Бірақ ол тек консультация берумен айналысады. Біз секілді отбасыларға арнап байқаулар, сайыстар ұйымдастырмайды. Азық-түлік таратпайды, қайырымдылықпен шұғылданбайды, демеушілер тартып баспана саты әпермейді. Мамандық меңгертетін курстар өткізбейді. Банктерді, «Атамекен» палатасын, заңгерлерді, мемлекеттік органдарды шақырып аналармен кездестірмейді. Үкіметке мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарды жетілдіруге ұсыныстар әзірлемейді.

Бюджет қаржысына ашылған мұндай мекемелер көп болғанымен Қарағандыда ашылған «Шаңырақ» орталығы секілді жан-жақты, жүйелі қызмет көрсететін орталық ілуде біреу. Отырыста Марат Алмасұлы «Шаңырақтың» жұмысына жоғары баға берді. Бұдан былай «Шаңырақ»орталығының тәжірибесін республикадағы басқа орталықтарға таратамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.