«Сарыарқа ұн» ЖШС рамазан айында көпбалалы отбасыларға 250 кг ұн жеткізіп берді.

«Сарыарқа ұн» ЖШС рамазан айында көпбалалы отбасыларға 250 кг ұн жеткізіп берді. Біз бұл ұнды бөліп, келесі апта таратамыз.

Он қапты тасымалдауға Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тарих факультетінің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Аманбек Сердхан көмектесті. Аманбек мырза көлік тапты, студенттерді ертіп келіп, «Шаңырақ» орталығына түсірді.

Қымбатшылыққа қарамастан әлеуметтік жауапкершілікті басты орынға қойған «Сарыарқа ұн» ЖШС директоры Васильченко Александр Петровичке,
университетке, ерікті студенттерге алғыс айтамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.