ҚАРҚАРАЛЫ: ҚАРТТАР КҮНІ

ҚАРҚАРАЛЫ: ҚАРТТАР КҮНІ

1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Қарқаралы ауданындағы «Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығының қызметкері Махмұтова Гүлнәр Өмірзаққызы аудандағы алтын құрсақ қарт аналарға арнайы барып, сыйлықтар табыстап, құттықтап қайтты.

Көкенай Битебаева 11 бала, Мағира Анықбекова 10 бала, Зарубаева 9 бала, Насима Мукашева 9 бала, Венера Махмутова 8 баланы дүниеге әкелген. Аналарымыз кейінгі жастарға алғысын білдіріп, “біздің жасымызды берсін, көрген бейнетімізді емес зейнетімізді берсін” деп ақ баталарын берді.

«Қариясы бар ел — қазынасы бар ел» деген қазақта сөз бар. Еліміздің қазыналары аман болсын. Қарияларымыздың дендеріне саулық, отбасыларына амандық,құт-береке тілейміз.

Елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп, жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілеулес, ақылы көл-дария қарияларымыз аман болсын!
Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.