ТӨРТ ЕЛДІМЕКЕНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАП БАЙҚАУ ӨТКІЗЕМІЗ!!!
ТӨРТ ЕЛДІМЕКЕНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАП БАЙҚАУ ӨТКІЗЕМІЗ!!!
“Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Қарағанды облысының 4 елдімекенінде оқушылар арасында «ІІ-Кәрім Сауғабай оқулары” байқауын жариялайды. Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы ауданында және Қарағанды қаласында өткізілетін Кәрім Сауғабай оқуларының мақсаты: балалар ақыны, жерлесіміз Кәрім Сауғабайдың әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау. Көркем оқуға баулу.
«Кәрім — ақын, Кәрім — жыр…» атты ІІ-Кәрім Сауғабай оқуларының ЕРЕЖЕСІ:
Қатысушылар ақын Кәрім Сауғабайдың бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, видеоға түсіріп инстаграмдағы @qaragandy.analary парақшасына жариялайды.
Байқауға 10-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушы жеңімпаз болған жағдайда қатысушының жол ақысын жіберуші жақ не қатысушының өзі төлейді.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылы қараша айының соңында өтеді. Байқау жеңімпаздары I орын, II орын, III орындарға ие болып, Диплом және сыйлықтармен марапатталады. Үміткерлерді дайындаған ұстаздарға Алғысхат беріледі.
Қарқаралы ауданының оқушылары байқауға жіберетін видеоны 2022 жылдың 01-05 қараша аралығында инстаграммдағы @qaragandy.analary парақшасына жариялауы қажет.
Шет ауданының оқушылары видеоны 07-11 қараша аралығында инстаграмда @qaragandy.analary парақшасына жариялауы қажет.
Бұқар жырау ауданының оқушылары видеоны 13-17 қараша аралығында инстаграмда @qaragandy.analary парақшасына жариялауы қажет.
Қарағанды қаласының оқушылары видеоны 19-23 қараша аралығында инстаграмда @qaragandy.analary парақшасына жариялауы қажет.
Видеоны жүктерде үміткерлер өздері туралы мәліметті (қатысушының аты-жөні, туған күні, айы, жылы, оқу орны, сыныбы, жауапты ұстаздың аты-жөні) өлең оқыған видеосымен бірге жариялауы тиіс.
Видеоны веб-редактор Гульжанар Абдигулованың +7 (702) 445-83-76 нөміріндегі ватсабына мәліметтерді қосып жіберуі қажет.
Кәрім Жұмабекұлы Сауғабай 20 қазан 1941 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Едірей ауылында туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Ақынның балаларға арналған алғашқы өлеңдер кітабы 1972 жылы жарық көрді. 1965-1972 жылдары Егіңдібұлак ауданы «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім менгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1972-1985 жылдары редактор, «Білім» қоғамының аудандық бөлімшесінің жауапты хатшысы, «Орталық Казақстан» газетінің меншікті тілшісі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. Тұнғыш жыр жинағы «Мойындау» 1972 жылы жарық көрді.
Жыр жинақтары:
• «Күдеріңді үзбе» (1975),
• «Балқантаудың басында» (1982),
• «Үш қара оттары» (1985),
• «Мәди» (2000) атты повестің авторы.
Ұйымдастырушы “Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығы. Қосымша сұрақтар үшін
Қарқаралы ауданы: +7 (775) 518-99-28,
Шет ауданы: +7 (747) 368-01-91,
Бұқар жырау ауданы: +7 (701) 464-96-76,
Қарағанды қаласы +7 (702) 445-83-76.
Кәрім Сауғабайдың өлеңдерін кітапханалардан және @karim_saygabai парақшасынан қарауға болады.
Біздің инстаграммдағы @qaragandy_analary парақшасына жазылып, лайктар мен пікір қалдыру қажет.

