ЖИЫРМАСЫНШЫ БАСПАНА

ЖИЫРМАСЫНШЫ БАСПАНА

Тәңірдің тәтті сыйы — Тәуелсіздік құтты болсын!

Республика күні, 25 қазан — Ұлттық мереке, мемлекеттің басты мерекесі боп бекіді. Ол күні өткен жылға есеп беріледі, мемлекеттің дамуына еңбегі сіңгендер марапатталады.

Ал 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні — ізгілік пен ерлікке тәу ететін мереке боп тарихта қалады. Бұл мерекенің маңызына орай, мерекелену форматы да өзгерді. Тәуелсіздік күнінде қайырымдылық жасаған еріктілер, адам өмірін құтқару үшін басын бәйгеге тіккендер ұлықталады. Ел үшін мерт болған боздақтарға құран оқылады.

“Talbesyk” көпбалалы аналар одағы” қоғамдық бірлестігі 2022 жылы 6 отбасыға шаңырақ шаттығын сыйлады. Біреуі тұрақты демеушіміздің, бесеуі “Asar-use” қайырымдылық қорының көмегімен баспаналы болды. ”Асаруме” қорына біздің орталық ұсынған отбасыларға баспана сыйлағаны үшін алғыс айтамыз.

Сонымен бұл “Талбесік” ұйымының мұрындық болуымен алынған — 20-баспана. Мерейтойлық сан!

“Талбесік” ұйымы Қарағанды облысының 4 елдімекенінде “Шаңырақ” көпбалалы отбасылар орталығын ашты, 22 адам жұмыс істейді.

Біз — рухы, жаны, жүрегі бірге соғатын командамыз! “Талбесіктен” басталған ізгі ниет іргелі “Шаңыраққа” айналсын!!!

Мереке құтты болсын Қазақ елі!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.