ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ: Қош келдің Жаңа жыл!

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ: Қош келдің Жаңа жыл!

Бүгін “Шаңырақ” орталығы “Ел боламын десең бесігіңді түзе” атты форум асында өткен жылды қорытындылады. Жаңа жылдық безендіруі ең үздік — Voogue мейрамханасында балаларға арнап мерекелік кеш ұйымдастырдық.

“Шаңырақ” орталығымен серіктес, үнемі қолдау көрсететін ұйымдар көпбалалы отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар мен жеміс сыйлады.

Жаңажылдық мерекенің демеушілері:

Аманат партиясының Қарағанды облыстық филиалы атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков, Қазыбек би атындағы аудан филиалы хатшысы Абай Бағчай!

“Гражданский союз “Жаңа Қазақстан” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Зара Шалабаева!

Қарағанды қалалық мәслихат депутаты Амир Махамбетов!

“Центр ипотеки Караганды” директоры Айнұр Сүлейменова!

Карагандинский литейно-машиностроительный завод ТОО “Мэйкер” өкілі Динара Бижанова, Аружан Алпысова!

“Ханшайым” әйелдерді дамыту орталығы және “Келімбетов” жеке кәсіпкерлігі Меруерт Алимбаева!

Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, әйелдер істері және қалалық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айжан Киясова!

Букенов атындағы Қаржы колледжінің еріктілер орталығы Надия Спанова, Алтынторе Букенов!

Қайырымдылықпен айналысып, балаларға шаттық сыйлаған кәсіпкерлерге, ұйымдарға, азаматтарға алғыс айтамыз!

Кештің Аяз Атасы Қарағанды университетінің қызметкері Жұман Бектас пен ертегі кейіпкерлері Қаржы коллеждінің студенттері мен ұстаздарына, әсем безендірілген залды тегін берген Voggue мейрамханасына шексіз разылығымды білдіремін.

Бұдан бөлек, “Шаңырақ” орталығы қала әкімінің шыршасына 10 бала, Әлихан Бөкейхан ауданының шыршасына 30 бала, Қазыбек би ауданы әкімінің шыршасына 30 бала ұсындық, сыйлықтарын алды.

2022 жыл — “Талбесік” ұйымы үшін берекелі жыл болды. Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау аудандарында жаңа филиалдар аштық, іргеміз кеңейді. Жаңа жылдан күтеріміз көп. Бастысы ел іргесі аман болсын, сонда “Талбесік” балалап, “Шаңырақ” қанатын кеңге жаяды. Мереке құтты болсын!

ФОТО
ВИДЕО

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.