БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕГІН

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕГІН

Тегін психолог, тегін заңгер. Үйіңіз тарлық етіп жүр ме? Бұрын «расширение» деген бағдарлама болатын. Біз үйді қалай кеңейтуге болатынын тегін түсіндіреміз.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығында ЭЦП ашуға, АСП мен жәрдемақы рәсімдеуге, жұмыссыз ретінде тіркелуге, үй кезегіне тұруға көмектесеміз. Үй кезегінде тұрғандарға 2 пайыздық «Бақытты отбасы», 5 пайыздық «Шаңырақ» бағдарламасымен ипотека алу үшін жалақыңызды санап, қандай құжат жинау керегін айтамыз. 583 мың теңгенің қайтарымсыз грантын қалай ұтуға болатынын түсіндіреміз. Үйде отырып бизнеспен шұғылдану жолдарын үйретеміз. Мектепте оқушыларға тегін ыстық тамақ пен форманы алу үшін қандай құжат тапсыру керегін біле аласыздар.

Орталықта көп балалы аналарға арнап тігін, кондитерлік, компьютерлік курстар жүргіземіз.

Бізде екі психолог жұмыс істейді. Біреуіне отбасы мәселелері бойынша, екіншісіне ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынас бойынша жүгінуге болады. Айтылған әңгімелердің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Сондай ақ, екі заңгеріміз бар. Олар да отбасы мәселесі бойынша кеңес береді.

Орталықта қайырымдылық акцияларын, көп балалы аналар дайындаған өнімдердің жәрмеңкесін өткіземіз. (ВИДЕО)

Банк, Атамекен, Даму, Агрокредит, білім, денсаулық, жер, тұрғынүй саласы мамандарын шақырып кездесулер өткіземіз

Орталықтың директоры ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова.

Мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 3 үй. «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы.
Кеңесшілерге жұмыс күндері жұмыс уақытында хабарласуға болады:
+7 701 464 9676,
+7 777 109 5974

Пайдалы ақпаратпен бөлісіп отырамыз парақшамызға жазылыңыздар.

Истаграмда:
@qaragandy.analary    @Lyazzat_Kozhakhmet

Фейсбукта:
@Ләззат Қожахмет
@»Талбесік көп балалы аналар одағы

 

#көпбалалыана, #көпбалалыотбасы, #бақыттыотбасы, #Қарағанды #Талбесік, #Шаңырақ #ЛәззатҚожахмет, #қайырымдылық, #многодетные

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.