ЖК «Айлана» жетекшісі Зейнегүлдің шеберлік сабағы
31.08.2023 «ШАҢЫРАҚ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен кезекті шеберлік сабақ «Салқын тіскебасар» (холодные закуски) тақырыбымен өткіздік!
Курсты ЖК «Айлана» негізін қалаушы, көпбалалы ана Малибаева
Зейнегуль Нурлановна өткізді.
Курстың мақсаты: көпбалалы аналарға жаңа кәсіп түрін меңгерту, үйде отырып бизнес ашуға қолдау жасау, отбасы кірісін арттыруға жол ашу.
Және ертеңнен бастап жаңа оқу жылы басталады. Соған орай балаларға әр ана осындай тіскебасарлар дайындап қойса тойымды әрі дәрумендерге бай , жалпы денсаулыққа пайдалы!
Курс соңында Зейнегүл Нұрланқызы және Шаңырақ орталығының белді қызметкері Айша Таймасқызы аналарға сертификат берді. Аналармен отырып шай ішіп, қызықты әңгіме құруға да уақыт тапты!

