«ЭКО-СӨМКЕ ШОППЕР» тігудің шеберлік сабағы

Бүгін 25.08.2023ж қазіргі тренд «ЭКО-СӨМКЕ ШОППЕР» тігудің шеберлік сабағын «Сымбат» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ежебаева Сымбат Советқызы көрсетті.

Шопперді қазақша дорба, сөмке десек те болады. Заман талабына сай сәндеп, қалаған түстен ыңғайлы етіп, киіміне сәйкес түрлерін тігіп алуға болады. Бүгін тігіп көрсеткен шоппер этно-стильге ұқсастырып жасалды.

Аналарға арнап өткізген тегін сабақтың қорытындысында арнайы сертификат табысталып, өздері тіккен әдемі сөмкелерін сыйға бердік!

Шеберлігімен бөлісіп келген Сымбат ханымға рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.