11.08.2023 жыл ,
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент музейінде «Өзіңді тап — Өзегіңе орал» дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумына Қарағанды облысынан 80 нен аса адам бардық. Жалпы форумда Республикамыздың әр өңірінен 700 адам қатысты.
Биыл үшінші рет өтіп жатқан форумды «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақстанның Азаматтық Альянсы бірігіп ұйымдастырған екен.
«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының атынан өз үлесімізді қосып, «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызының шақыртуымен барып қайттық. Барлық спикерлер бала тәрбиесі, денсаулығы туралы үлкен мәселелерді қозғап, бәрімізге ой салды. Мәнді шарадан ата-ана ретінде қажет мағлұмат, әсер алдық.

