Қарағанды: СҮНДЕТТЕУ АКЦИЯСЫ
«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы көпбалалы отбасылардың балаларын тегін сүндеттеу акциясын бастады.
Қарағанды қаласы бойынша 30 бала, Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау аудандарынан 15 бала сүндеттеледі. Бізді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Балалар ауруханасы қолдап отыр. Өткен аптада Ақсу-Аюлы мен Ағадырда, келесі апта Қарқаралыда өткіземіз.
Тегін сүндеттеу акциясын «Талбесік» ұйымы 2019 жылдан бері ұйымдастырып келеді.
«Шаңырақ» орталығы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен ашылған. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты «Talbesyk» көп балалы аналар одағы» ҚБ жүргізеді.

