ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН, СПОРТШЫМЫЗ ӘУЛЕТПЕН
ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН, СПОРТШЫМЫЗ ӘУЛЕТПЕН
Қарағандыдағы «Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен” атты мерекелік іс-шара өткізді. Отбасылық эстафета жеңіл атлетика манежінде өтті. Жарыс бағдарламасы өте қызықты болды.
Барлық қатысқан бала және әр отбасы сыйлыққа ие болды. Сайысқа
5 көпбалалы отбасы қатысты.
Жарысты «Қарағанды қаласының жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» @sports_victory
жаттықтырушысы Алла Петровна дайындап, жүргізді. Мектеп басшысы Жасұлан Жаңбырбаевқа, Алла Петровнаға, қазылар алқасына алғыс айтамыз! Осы шараны ұйымдастырған кезде бізді облыстық спорт басқармасы басшысы Temirkhan Abylaev, Ерден Халилин қолдады.
Бұл сайысты “Шаңырақ” орталығы Қарағандыда үшінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз. Былтыр Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау ауданында да ұйымдастырдық. Мақсатымыз — отбасы ынтымағын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Бүгінгі жеңімпаздар:
1-орынды Боранбаевтар, 2-орынды Зардыхан, 3-орынды Малаевтар иеленді. “Белсенді отбасы” номинациясын — Ибраимовтар және Игеновтар отбасы иеленді. Одан бөлек қатысушылар “Алғыр ана”, “Білекті әке” номинацияларымен марапатталды.
Қатысқан отбасылар мен “Шаңырақтың” қыздарына респект!

