Қарағанды: ОТБАСЫЛЫҚ СОТ
Қарағанды: ОТБАСЫЛЫҚ СОТ
Қарағандыда ювеналдық сот ғимаратында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде кабинет ашылады. Бұл жобаның мақсаты — отбасында қиын жағдай туындаған азаматтар сотқа жүгінгенде жан-жақты консультация беру. Яғни ажырасу, тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша сотқа жүгінген әйелдерге психологиялық, медиаторлық тегін көмек береді.
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот төрағасы Динара Мутубаева психологтарды, медиаторларды, дағдарыс орталықтарын, атқарушы және құқық қорғау, Бала құқықтары жөніндегі уәкілді, қорғаншылық және қамқоршылық орган, АХАТ өкілдерін,
әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссия мүшелерін шақырып, «Отбасылық сот» пилоттық жобасын таныстырды.
“Шаңырақ” орталығы дөңгелек столға қатысып, жобаны қолдайтынын мәлімдеді.

