Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымның президенті, «Цифрлық трансформация» ҚҚ басшысы Азиза Шужеева келді.
2023 жылдың 23 қаңтарында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қарағандыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымның президенті, «Цифрлық трансформация» ҚҚ басшысы Азиза Шужеева келді. Азиза Шужеева «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының » жұмысымен танысты.
Кездесудің ерекшелігі ашық диалогқа, транспаренттілікке, проблемалық мәселелерді, өңірлік комиссия мүшелерінің де, ұлттық комиссияның қолдауымен де шешуді талап ететін жағдайларды анықтауға бағытталды. Кездесуден соң әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Ана мен бала өлімі, дағдарыс орталықтарының қызметі, денсаулық және спорт, тәрбие және білім беру мәселелері талқыланды.

