ВСЕОБУЧ — АҚШАЛАЙ БЕРІЛМЕЙДІ

ВСЕОБУЧ — АҚШАЛАЙ БЕРІЛМЕЙДІ

«Білім қоры» — соңғы екі жылда мектеп пен ата-аналардың арасына сына қақты. Мектеп білім ордасы емес, ата-аналардың табысын есептеп, киім тарататын мекемеге айналды. Тегін мектеп формасы кімге беріледі? Мұқтаждарға қарайласу міндеті неге мектепке жүктелді?

«Шаңырақ» ашылған бір айда 2 министрлікпен тікелей эфир өткіздік. Біріншісі үй кезегіне орай, Индустрия минисирлігімен, екіншісінде всеобуч туралы Білім министрлігіне қолқа салдық. Спикерлерді табуға көмектескен Ulttyq keńes. Министрлік өкілдерін Мінбер Қорымен бірлесіп зумға шақырып, олар көп балалы аналардың сұрақтарына жауап берді.

Білім министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті басшысының орынбасары Дулат Жекебаев биылдан бастап білім қорына бөлінетін қаржының екі пайызға өскенін хабарлады. Былтыр пандемия кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы секілді ірі қалаларда әр балаға 40 мың теңгеден, Қарағанды, Өскемен және Алматы облыстарында 25 мың теңгеден берілді. Ал ауылдарда қаржы төмен. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі бұл көмекті қала, ауыл демей біркелкі беруге шешім қабылдапты. Ал Қарағанды облысы өткен жылдан бастап, қала мен ауылды теңестіргенін айту керек.

Жалпы білім қорынан бөлінетін көмектер кімге тиесілі?

Дулат Жекебаев мырзаның айтуы бойынша бұл көмекті алуға бес категория үміткер бола алады.
Бірінші атаулы әлеуметтік көмек (АӘК немесе АСП) алатындар олардың тізімі қазір толықтай электронды базаға көшірілген.
Екінші категорияға АӘК алмаса да, кедейлік шегінен табысы төмен, көмекке мұқтаж отбасылар жатады.
Үшінші категория жетім балалар, төртінші категория төтенше жағдайлар салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары. Бесінші категорияны мектептің коллегиаллық және қамқорлық кеңесі өздері анықтайды.

Тікелей эфирге Қарағанды білім бөлімінің басшысы Esentai Ashim қатысты. Ол всеобучтың Еңбек министрлігіне берілгенін қолдады. Мектеп — білім ордасы. Ұстаздар ата-ананың жалақысын есептеп, кәсіпкер жеткізген киімнің сапасына жауап беруі тиіс емес.

Биыл Қарағанды облысының білім басқармасы техникалық сипаттаманы өзгертпек. Енді тендерде облыс аймағындағы отандық өндірушілерге басымдық беріледі. Фабрикалар тіккен киімнің сапалы болатындығы айқын. Әрі қаншама жерлесіміз жұмыспен қамтылады. Өндіріс орындары қарқын алса, бюджетке де түсетін салық та артары сөзсіз. Айналып келгенде всеобуч осы бюджет қаржысынан құралады.

«Всеобуч» ақшалай берілмейтін болды. Білім министрлігі қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Заң бәріне ортақ.

Эфирге Шығыс Қазақстаннан Жулдыз Актанжанова мен Жамбыл облысынан Жанат Естаева қатысты.

Видеоның толық нұсқасы:

Жалпы білім қоры: оған қатысудың шарттары қандай? Көмек ақшалай берілгені дұрыс па? Әлде… (видео)

Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.