605 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА 50 КИЛОЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫ ТАРАТЫЛАДЫ
605 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА 50 КИЛОЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫ ТАРАТЫЛАДЫ
«Ел тірегі — Елбасы», «Қайырымды істер марафоны» Ұлттық жобасы аясында АЕК алатын 605 қарағандылық көп балалы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға азық-түлік таратылады. Бүгін 287 отбасының азық-түлік жиынтығын «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жеткізіп алдық. Демеуші — AYALA мен «Халық» қайырымдылық қоры.
Шілде айында AYALA-дан азық-түлік жиынтығын облыста 1250 отбасы алады. Салмағы 50 килограмм әрбір жиынтыққа күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, тоқаш, қант, шай және кәмпиттер салынған.
Бізге азық-түлік қорабын тасымалдауға Nur Otan Qaragandy Oblysy, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, облыстық Жас Отан жастар қанаты, қалалық Жастар ресурстық орталығының еріктілері көмектесті.
Дүйсенбі күні қайырымдылық көмек тізіміне енген отбасыларға өзіміз хабарласып шақырамыз. Қорап үшеу, ауыр, салмағы 50 кило. Маскамен және жүк көтерісетін жанмен келу қажет.

