БЕДЕУЛІК ДИАГНОЗЫМЕН 12 245 ӘЙЕЛ, 75 ЕР АДАМ ТІРКЕЛГЕН

БЕДЕУЛІК ДИАГНОЗЫМЕН 12 245 ӘЙЕЛ, 75 ЕР АДАМ ТІРКЕЛГЕН

Елімізде 27 ЭКҰ орталығы қызмет атқарады, осы уақыт аралығында «пробиркадан» 25 000-нан астам бала дүниеге келді. Биыл жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қазақстандық 25-келді.

Бүгінгі таңда «Бедеу неке» — медициналық-әлеуметтік проблема. Қазақстанда бедеулік жиілігі орта есеппен 15% ды құрайды, яғни әрбір 6-ерлі-зайыпты бала сүю бақытынан шектелген.
Бедеулік дамуы 40% жағдайда ерлердің репродуктивтік жүйесінің патологиясына байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссияның ай сайын отырысы өтіп отыр. Әр отырыста қоғамдағы маңызды мәселелер талқыға түсуде. Лаззат Рамазанова жетекшілік ететін комиссия өткенде «Баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау» мәселесін қарастырды. Бұл туралы отырыста А .Ғинаят, С. Байқошқарова, «Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнындағы репродуктивті тәрбие мен білім беру мәселелері туралы» Ш. Каринова, «Отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін тұрғындар арасында ілгерілету бойынша діни бірлестіктермен жұмыс туралы» Ғ. Молдақұловалар баяндама жасады.

Салтанат Байқошқарова ханым осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды:

«Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандырудың (ЭКҰ) бірінші зертханасы 1995 жылы ашылып, бір жылдан кейін алғашқы бала дүниеге келді. 26 жылдың ішінде 85 000 жуық ерлі-зайыпты қосымша ЭКҰ әдісіне жүгініп, емдеу тиімділігі 15% — дан 42% — ға дейін өсті. Ал бала туу фактісі бойынша тиімділік көрсеткіші 30%, бұл еуропалық ең жақсы клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

2010 жылдан бастап ЭКҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде, оның шеңберінде 3000-нан астам бала дүниеге келді.

Мемлекет басшысы 2020 жылы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында баласыз отбасылар мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, квотаны 7 есеге арттыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ДСМ-де атқарылып жатқан іс-шаралар:
1. «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұйрық шығарылды;
2. нормативтік құқықтық актілер өзектендіріліп, ЭКҰ жүргізу көрсеткіштері қайта қаралды, бедеу науқастарға медициналық көмек көрсетудің тәртібін белгілеу үшін «Әдістемелік ұсыныстар» бекітілді.
3. еліміздің жетекші мамандары – репродуктологтар мен эмбриологтардан республикалық жұмыс тобы құрылды, 17 аймақта ЭКҰ сапалы қамтамасыз ету үшін жетекші медициналық ұйымдар анықталып, жауапты мамандар тағайындалды және бедеу науқастарды ЭКҰ-ға жолдауды бақылау үшін арнайы комиисия құрылды.
4. өңірлер бөлінісінде, электрондық диспансерлік тіркелімде тұрған бедеу науқастар бойынша ақпарат өзектендірілді (бедеулікпен 12 245 әйел, 75 ер адам тұр);
5. өңірлер кескіндемесінде фертильді жастағы әйелдер мен ерлер санын ескере отырып, ЭКҰ 7000 квотаны бөлу жүргізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен ЭКҰ қызметін көрсететін медициналық ұйымдарға квота бөлінді (8 қалада 19 ЭКҰ орталықтары — 3 мемлекеттік, 16 жеке медициналық ұйымдар).

30.06.2021ж. жағдай бойынша ЭКҰ бағдарламасына жолдама берілген пациенттердің саны – 3202, оның 2200 ЭКҰ жүргізіліп, күту парағында 833 пациент бар».

Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике әр өңірде көшпелі отырыс өткізуде. Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қарастырды. Осы заң жобасына қарсылық танытқан қарағандылық ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Бұл заң жобасы халық арасында дүрбелең тудырды, сол себепті қарастырылудан алынып тасталды. Енді қолданыстағы заңдарға өзгерістер дайындалып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.