Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын арнады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын арнады. Жолдауда экономика мен мемлекеттік секторды цифрландыру процесін қайта жүктеу міндеттері қойылды. Денсаулық сақтау мен білімге ерекше көңіл бөлінді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 5 нақты бастаманы атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқатына әсер етеді. Төрт жыл ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 20 пайызға арттыру 600 мың қазақстандыққа әсер етеді. Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы Банкі» шотына аудару тұрғын үй сатып алу ісін оңтайландырады.
Президент саяси реформалардың төртінші пакетін ұсынды:
— Бұрын тек партиялық тізімдерге қатысты қолданылатын депутаттық мандаттарды бөлгенде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны заңнамалық тұрғыдан бекіту міндеті қойылды.
— Мемлекет басшысы сондай-ақ квотаға мүмкіндігі шектеулі адамдарды енгізуді ұсынды.
Балаларға қатыстсы жыныстық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасауға назар аударуды тапсырды.
Президент Жолдауында мемлекеттік аппарат пен қоғамның бірігіп әрекет етуі қажеттігін атап өтті.

Ләззат Қожахметова,
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық Сенім кеңесінің мүшесі

Сілтеме:

https://www.inform.kz/ru/v-poslanii-prezidenta-osoboe-vnimanie-bylo-udeleno-zdravoohraneniyu-i-obrazovaniyu-lyazzat-kozhahmetova_a3830886

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.